Құжат мәтініне өту

1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзу туралы

Қаулы · № 2 · қабылданған 14.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1993-i-i/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 2 ·14.01.2010
16.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 2 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзу туралы
Атауы (қаз.)
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
14.01.2010
Көрсетілген редакция
16.04.2010 · қолданыстағы AI50348_1.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VF000102
ЭКБ идентификаторы
50348
Редакция идентификаторы
AI50348_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:19

0 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 “Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы” Заңының 17, 18 және 44 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 33 бабының 1 тармағының 13-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 “Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы” Қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:

1 1. Аягөз ауданының шақыру учаскесіне заңмен белгіленген мерзімде 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу өткізілсін.

2 2. Шақыру учаскесіне тiркелетiн 1993 жылы туған азаматтарды медициналық куәләндiру 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргiзiлсiн.

3 3. “Аудандық медициналық бiрлестiгi” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (Ж. Жұмаханов) (келісiмі бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) медициналық куәләндiрудi өткiзу үшiн қажеттi мөлшерде маман-дәрiгерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлердi бөлу;

2 2) жатып емделетiн орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерiнде тiркеу жөнiндегi комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшiн бос орындар ұстау;

3 3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;

4 4) тiркеу жүргiзiлу барысында, емделуге мұқтаж әскерге шақырушылардың тiзiмдерi тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелерiне бекiтiп, толық емделiп шығуын ұйымдастыру;

4 4. Қала, кент және ауылдық округтер әкiмдерi әскери тiркеуге тиiстi азаматтарды қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.

5 5. “Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (Б. Мұстафаев) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.

6 6. “Аягөз аудандық бiлiм бөлiмi” мемлекеттiк мекемесiне (С. Ещанова):

1 1) әскери оқу орындарына үмiткерлердi iрiктеу және бiлiм деңгейiн тексерсiн;

2 2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үмiткерлерді iрiктесiн.

7 7. Аягөз ауданының iшкi iстер бөлiмiне (Ш. Құнанбаев) (келiсiмі бойынша) төмендегі ұсынылсын:

1 1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттерi мен басқадай қылмыстары үшiн тергеуде жүрген, әскери тiркелуге тиiстi азаматтар туралы мәлiметтердi Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiккен бөлiмiне хабарлау;

2 2. Қазақстан Республикасының “Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы” Заңын орындаудан жалтарып жүргендердi iздестiрудi және ұстауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру.

8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сұлтановқа жүктелсін.

9 9. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы