Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 06.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2011 · қолданыстағы AI55814_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KL000097
- ЭКБ идентификаторы
- 55814
- Редакция идентификаторы
- AI55814_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:48
0 Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына орай және Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 2010 жылғы 9 қарашадағы N 1363 ұсынысын қарай келе Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 1994 жылы туған азаматтарды Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2011 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында жүргізілсін.
2
2. Жаңаарқа ауданы әкімінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы" N 1 шешімінің (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 8-12-65 тіркеу нөмерімен Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасында тіркелген, 2010 жылғы 6 ақпанында "Жаңаарқа" газетінде N 8-9 (9366) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.