Қолданыстағы ред. 01.12.2010

Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылы қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы от 01.12.2010 г. № 1 (Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылы қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы)

0

Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылы қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған азаматтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 1994 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.

2

2. "Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (майор Р. Шакерхановқа келісім бойынша):

1

1) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;

2

2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ақышбековке жүктелсін.

4

4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
2010 ж.1 желтоқсан
"Ұлытау ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Р. Шакерханов