Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылы қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылы қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған азаматтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1994 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. "Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (майор Р. Шакерхановқа келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ақышбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ 2010 ж.1 желтоқсан "Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Р. Шакерханов