Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1994 года рождения, в период с января по март 2011 года, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1994 года рождения, в период с января по март 2011 года, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде шақыру учаскесіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 02.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2011 56167_197611.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BF000145
- ЭКБ идентификаторы
- 56167
- Редакция идентификаторы
- 56167_197611
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:49
0 2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде шақыру учаскесіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке алу үшін, Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде 1994 жылы туған, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Астрахан селосы, Алтынсарин көшесі, 63 үй мекен-жайында орналасқан «Ақмола облысы Астрахан ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесіне тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қожахметке жүктелсін.
3 3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Астрахан
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Кантемиров