О проведении приписки граждан 1994 года рождения к призывным участкам в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 1994 года рождения к призывным участкам в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 21.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2011 57103_268618.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10TH000199
- ЭКБ идентификаторы
- 57103
- Редакция идентификаторы
- 57103_268618
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:36
0 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 16, 17 және 44 баптарын, 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы" Ережесін басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:
1 1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысы Құрманғазы ауданының 1994 жылы туған азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген 27-жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілсін.
2 2. Қосымшаға сәйкес, Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы (келісім бойынша) бекітілсін.
3 3. Аудандық қаржы бөлімі (З. Карсакова) 2011 жылы бекітілген бюджетке сәйкес, шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Ж. Қаспанов - келісім бойынша) шақырылушыларды шакыру учаскелеріне тіркеу кезеңінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шакыру учаскелеріне келмеген азаматтарды іздестіруді және Құрманғазы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру ұсынылсын.
5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Рахимов) азаматтарды тіркеу учаскесінің жұмысы кезінде Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұраныс бойынша техникалық жұмысшыларды бөлу жүктелсін.
6 6. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, алғаш рет жарияланғаннан бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Альберт Бекмуханов - Құрманғазы аудандық
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының
уақытша міндетін атқарушысы;
Жанкелды Қаспанов - Құрманғазы аудандық
ішкі істер бөлім бастығының
уақытша міндетін атқарушысы;
Қуанов Еркінбай - "Құрманғазы аудандық
орталық ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
бас дәрігері.
7 Аудан әкімінің 2010 жылғы
21 желтоқсандағы № 88
шешімімен бекітілген қосымша
Құрманғазы ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссиясының құрамы
Альберт Бекмуханов - Құрманғазы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушысы,
Комиссия төрағасы;
Муса Абдуррахман - Аудан әкімінің орынбасары төраға орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Айтимов Ербай - Аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары;
Нсанов Рахметолла - "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
аға-дәрігері-хирург, дәрігерлік комиссиясының
төрағасы.