1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
ҚАЗ1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 30.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2011 · қолданыстағы AI57198_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VP000108
- ЭКБ идентификаторы
- 57198
- Редакция идентификаторы
- AI57198_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:20
0 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
1 1. Тұрғылықты мекен – жайы бойынша Тарбағатай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркеуге алуы жүргізілсін.
2 2. «Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Бекбаев) бюджетпен бекітілген шекте азаматтардың тіркеуін жүргізу шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Тарбағатай аудандық № 1 медициналық бірлестігі (Д. Итбаевқа келісім бойынша)
тіркеуден өтетін азаматтардың денсаулық жағдайын, әскерге жарамдылық дәрежесін анықтау үшін аудандық медициналық комиссия құру;
зертханалық және флюорографиялық тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
стационарлық зерттеуден өтуі үшін емханалардан қажетті санда төсек орын бөлу ұсынылсын.
4 4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е. Сейілхановқа келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, тіркеуге тұрудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
5 5. Аудандық білім беру бөлімі (Е. Нұғманов) тіркеу кезінде тіркеуден өтетін азаматтарды соғыс ардагерлерімен, әскери оқу орындарының курсанттарымен кездесулерін және олармен «Отан қорғау қасиетті борышы» тақырыбына тәрбие сабақтар ұйымдастырылсын.
6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.
8 8. Осы шешім әділет басқармасына тіркеліп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
подполковник А.Қарабиев
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы полиция
подполковник Е. Сейлханов
№ 1 медициналық
бірлестіктің директоры Д. Итбаев
8 Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу комиссияның құрамы
Аудан әкiмiнiң
30 желтоқсандағы 2010 жылғы
№ 15 шешіміне 1 қосымша
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу комиссияның құрамы
1 1)
Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы
- Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
2 2)
Тайшөгелов Айдос Жанабайұлы
- Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
3 3)
Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы
- Аудандық орталық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
4 4)
Жақсылыков Гайдар Камзинұлы
- № 1 медициналық бірлестігінің директорының орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері, (келісім бойынша)
5 5)
Байжуманов Ескал Майданұлы
- Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Аудан әкiмi аппаратының
басшысы Қ.Мауадинов
14 Әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді кәсіби іріктеуді жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы
Аудан әкiмiнiң
30 желтоқсандағы 2010 жылғы
№ 15 шешіміне 2 қосымша
Әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді
кәсіби іріктеуді жүргізу жөніндегі комиссияның құрамы
1 1)
Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы
- Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
2 2)
Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы
- Аудандық орталық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
3 3)
Жақсылыков Гайдар Камзинұлы
- № 1 медициналық бірлестігінің директорының орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері, (келісім бойынша)
4 4)
Байжуманов Ескал Майданұлы
- Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығының орынбасары (келісім бойынша)
5 5)
Оспанов Сансызбай Қожахметұлы
- Аудандық білім беру бөлімінің алғашқы әскери даярлық пәні бойынша әдіскері
Аудан әкiмi аппаратының
басшысы Қ.Мауадинов