Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан мужского пола, 1994 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района

Өзге акт · № 2 · қабылданған 29.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1994-ekb-55799/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О проведении приписки граждан мужского пола, 1994 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 ·29.11.2010
26.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан мужского пола, 1994 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан мужского пола, 1994 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района
Атауы (қаз.)
Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
29.11.2010
Көрсетілген редакция
26.12.2011 AI55799_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KI000091
ЭКБ идентификаторы
55799
Редакция идентификаторы
AI55799_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:51

0 Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алуды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпыбілімдік деңгейін және мамандығын белгілеу, шақырушылардың дене шынықтыруының дайындық деңгейін анықтау мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

1 1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2011 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.

2 2. Абай ауданының ауыл, ауылдық округтар және кент әкімдері ұландардың Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.

3

3. Абай ауданының әкімінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы" N 3 шешімінің (Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 11 желтоқсанында N 8-9-72 тіркелген, аудандық жұма сайынғы "Абай-Ақиқат" газетінде 2010 жылдың 1 қаңтарында N 1-2 және 2010 жылдың 9 сәуірінде N 17 шығарылымда жарияланған) күші жойылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Махамбет Төлеубайұлы Жаңабергеновке жүктелсін.

5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы