Құжат мәтініне өту

О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1994 года рождения

Өзге акт · № 17 · қабылданған 06.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1994-ekb-55863/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1994 года рождения Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 ·06.12.2010
29.11.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1994 года рождения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Управление по делам обороны города Актобе" граждан 1994 года рождения
Атауы (қаз.)
1994 жылы туған азаматтарды "Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
06.12.2010
Көрсетілген редакция
29.11.2011 55863_184035.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CA000146
ЭКБ идентификаторы
55863
Редакция идентификаторы
55863_184035
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:48

0 1994 жылы туған азаматтарды "Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары негізінде қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2011 жылдың 10 қаңтарынан 31 наурызы аралығында «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тiркеу жылы 17 жасқа толатын 1994 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тiркеуден өтпеген, Ақтөбе қаласының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеу жүргiзiлсiн.
Шараларды орындауға байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылады.

2 2. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Қ. Қ. Сабыр, келісім бойынша) «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағына:

1 1) тіркелушілерге медициналық куәләндіруді өткізу үшін дәрiгер-мамандарды және медбикелерді;

2 2) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшiн жеткіншектер кабинеттерiнiң дәрiгерлерiн;

3 3) шақыру учаскесіне шақырушылар санының көбеюі нәтижесінде қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігер-мамандарды және медбикелерді;

4 4) дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;

5 5) медициналық комиссия жұмысы үшiн қажетті медициналық мүлiктердi, құралдарды және дәрi-дәрмектердi бөлу ұсынылсын.

3 3. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына:

1 1) тiркеуге жататын азаматтарға оларды қалалық шақыру пунктiне шақырғаны туралы хабар беру және олардың бұл шақыру бойынша уақытында келуiн қамтамасыз ету;

2 2) әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындауға қажеттi уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (стипендиясын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.

3 3) техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлу ұсынылсын.

4

4. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А. А. Арынғазиева) «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (Т. К. Бөлтеев) бiрлесе отырып, қала мектептерiнде оқитын барлық 1994 жылы туылған азаматтарды тiркеумен толық қамтуды бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын. Тiркелу кезiнде анықталған барлық орта бiлiмi жоқ азаматтарды кейiннен күндiзгi және сырттай жалпы бiлiм беру мектептерiнде оқытатындай етiп есепке алсын.

5 5. Ақтөбе қалалық iшкi iстер басқармасына (Қ. М. Мырзабеков, келісім бойынша) полиция нарядын: шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адам және іздестіру тобы үшін екі адам бөлу ұсынылсын.

6

6. Қалалық әділет басқармасына (В. Т. Мамбетова, келісім бойынша), № 2 қалалық сотқа (А. А. Құрмантаев, келісім бойынша), органдар мен ұйымдарға тіркеу жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабында көзделген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

7 7. Селолық округтер әкiмдерi «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша әскер жасына дейінгілерді және әскерге шақырылушыларды оларды шақыру пунктiне шақырылғандығы туралы хабарласын және жеткіншектердің уақытында келуiн қамтамасыз етсiн.

8 8. «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Т. К. Бөлтеев) азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнінде шаралар алсын. Тiркеу қорытындысы туралы 2010 жылдың 11 сәуiрiнде қала әкiмiне хабарласын.

9

9. Қала әкімінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 14 «1993 жылы туылған азаматтарды «Ақтөбе қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiнде тiркеудi өткiзу туралы» шешімінің (2010 жылғы 5 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-1-125 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 қаңтардағы № 3 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

10 10. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С. М. Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. К. Бөлтеевке жүктелсін.

11 11. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы