Құжат мәтініне өту

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған азаматтарды кезекті тіркеу жайлы

Өзге акт · № 9 · қабылданған 24.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.07.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1994-ekb-55877/?version=55877_209241.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған азаматтарды кезекті тіркеу жайлы Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 ·24.11.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған азаматтарды кезекті тіркеу жайлы

ҚАЗАудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған азаматтарды кезекті тіркеу жайлы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 · қабылданған 24.11.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған азаматтарды кезекті тіркеу жайлы
Атауы (қаз.)
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған азаматтарды кезекті тіркеу жайлы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9
Қабылданған күні
24.11.2010
Көрсетілген редакция
22.07.2011 · қолданыстағы 55877_209241.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
22.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CE000123
ЭКБ идентификаторы
55877
Редакция идентификаторы
55877_209241
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:53

0 Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған азаматтарды кезекті тіркеу жайлы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 17, 18, 44-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 33, 37-баптары негізінде ШЕШЕМІН:

1

1. 2011 жылдың 18 қаңтары мен 31 наурыз аралығында Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1994 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Ырғыз ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарға тіркеу жүргізілсін.

2 2. Барлық селолық округтер әкімдеріне, мекеме басшылары мен мектеп директорларына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне шақырылғандарды дер кезінде хабардар ету, олардың қажетті іс-құжаттарымен келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

3 3. «Ырғыз аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Ж. Сүлейменов):

Неғұрлым даярлығы жоғары, іс-тәжірибесі бар маман дәрігерлер бөлу, дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, тіркеу уақытында анықталған науқасы бар жастарға дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаға жатқызып емдеу, оған бақылау шараларын алу, жүргізілген жұмыстардың барысы жайлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлама жасап тұру ұсынылсын.

4 4. Барлық селолық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылған азаматтарды шақырылған күні арнайы жабдықталған, жылы көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.

5 5. Аудандық қаржы бөлімі (Ә. Аяпберген):

азаматтарды кезекті тіркеу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландырсын.

6 6. Шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі жұмыстарға тартылған барлық қызметкерлердің осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталсын.

7 7. Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (М. Ыбраев): осы шешімнің орындалуы жайлы 2011 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама беру ұсынылсын.

8 8. Шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шахинге және қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы М. Ыбраевқа жүктелсін.

Жобаны ұсынған:
Ырғыз аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімнің
бастығы М. ЫБРАЕВ