Қолданыстағы ред. 03.12.2010

1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы от 03.12.2010 г. № 3 (1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы)

0

1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу үшін аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.

2

2. Ауылдық, поселкелік, қалалық округтердің әкімдері:

1

1) 1994 жылы туылған, сондай-ақ жасы ұлғайған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін.

2

2) азаматтардың медициналық куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін олардың учаскесіне жеткізілуін қадағаласын.

3

3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.С.Долаева):

1

1) 2010 жылғы "Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1994 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын.

2

2) тіркеуге алуға дейін 1994 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін.

4

4. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі (А.Т. Асқарбаев):
әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіру топтарын құрсын.

5

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.

6

6. Осы шешім баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.