1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу үшін аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
Тармақ 2
2. Ауылдық, поселкелік, қалалық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) 1994 жылы туылған, сондай-ақ жасы ұлғайған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) азаматтардың медициналық куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін олардың учаскесіне жеткізілуін қадағаласын.
Тармақ 3
3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.С.Долаева):
Тармақша 1
1) 2010 жылғы "Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1994 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын.
Тармақша 2
2) тіркеуге алуға дейін 1994 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі (А.Т. Асқарбаев): әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіру топтарын құрсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.