О проведении приписки граждан 1994 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны города Каражал Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 1994 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны города Каражал Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 13.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2011 56083_144617.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KE000104
- ЭКБ идентификаторы
- 56083
- Редакция идентификаторы
- 56083_144617
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:43
0 Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Азаматтарды әскери есепке қабылдау, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін, мамандығын белгілеу және дене даярлығы деңгейін анықтау мақсатында 2011 жылдың I–ші тоқсанында қаңтардан наурызға дейін Қазақстан Республикасының 1994 жылы туған, сондай–ақ одан үлкен жастағы шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
2
2. Қаражал қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Қ.С. Тәттімбеков келісім бойынша) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18 бабының 3 тармағына сәйкес әскери есепке тұруға байланысты әскери міндеттерін орындаудан жалтарушыларды іздестіруді, ұстауды жүргізсін және қажет болған жағдайда әскери есепке алынуға байланысты Қорғаныс істер жөніндегі қамтамасыз етсін.
3 3. Жәйрем және Шалғы кенттерінің әкімдері, оқу орындардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4
4. Қаражал қаласының әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 6 "Қарағанды облысының Қаражал қалалық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізу туралы" шешімінің (2009 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмері 8-5-81, 2009 жылы 26 желтоқсанда N 52 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
5 5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмансейітовке жүктелсін.
6 6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қорғаныс істер жөніндегі
бөлімі бастығы
Д. Көпжасаров
2010 ж. 13 желтоқсан
Ішкі істер бөлімінің бастығы
Қ. Тәттімбеков
2010 ж. 13 желтоқсан