Қолданыстағы ред. 13.12.2010

1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы от 13.12.2010 г. № 11-1868 (1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы)

0

1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Іле ауданның әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесіне тізімге алынсын.

2

2. Тізімге алу Іле аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын (Әшірбаев Нұрқанат Өксіханұлы );

3

3. Іле аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық мекемесінің бас дәрігері (Тұрсынмұратова Бақытгул Ескендірқызы):
Әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтасын.
Ауыратыны анықталған жасөспірімдердің тізімі осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырылсын;

4

4. Іле аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы (Каткеева Лязат Жақыпқызы):

1

1) Тізімге алынушылардың арасында жалпы бөлім және мамандығын белгілеу тапсырылсын;

2

2) Оқу орындарын тексеру ұйымдастырылсын және тізімге алынушы жастардың даму дәрежесін анықтасын

5

5. Ішкі істер басқармасы бастығы (Құсайынов Мақсат Болатұлы):

1

1) Әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетілсін;

2

2) Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жасөспірімдердің тізімі берілсін.

6

6. Ауылдық, поселкелік әкімдерге, мекеме, ұйым, мемлекеттік білім басшылармен келісілсін, тізімге алынушы жасөспірімдерге нақтылы мәлімет берілсін.

7

7. Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына (Әшірбаев Нұрқанат Өксіханұлы) осы қаулының орындалу барысы туралы 2011 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.

8

8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.

9

9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.