1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Іле ауданның әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесіне тізімге алынсын.
Тармақ 2
2. Тізімге алу Іле аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын (Әшірбаев Нұрқанат Өксіханұлы );
Тармақ 3
3. Іле аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық мекемесінің бас дәрігері (Тұрсынмұратова Бақытгул Ескендірқызы): Әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтасын. Ауыратыны анықталған жасөспірімдердің тізімі осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырылсын;
Тармақ 4
4. Іле аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы (Каткеева Лязат Жақыпқызы):
Тармақша 1
1) Тізімге алынушылардың арасында жалпы бөлім және мамандығын белгілеу тапсырылсын;
Тармақша 2
2) Оқу орындарын тексеру ұйымдастырылсын және тізімге алынушы жастардың даму дәрежесін анықтасын
Тармақ 5
5. Ішкі істер басқармасы бастығы (Құсайынов Мақсат Болатұлы):
Тармақша 1
1) Әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетілсін;
Тармақша 2
2) Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жасөспірімдердің тізімі берілсін.
Тармақ 6
6. Ауылдық, поселкелік әкімдерге, мекеме, ұйым, мемлекеттік білім басшылармен келісілсін, тізімге алынушы жасөспірімдерге нақтылы мәлімет берілсін.
Тармақ 7
7. Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығына (Әшірбаев Нұрқанат Өксіханұлы) осы қаулының орындалу барысы туралы 2011 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.