Құжат мәтініне өту

1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Өзге акт · № 9 · қабылданған 21.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.12.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1994-ekb-56331/?version=56331_182384.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 ·21.12.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

ҚАЗ1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 · қабылданған 21.12.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Атауы (қаз.)
1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9
Қабылданған күні
21.12.2010
Көрсетілген редакция
07.12.2011 · қолданыстағы 56331_182384.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
07.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CD000106
ЭКБ идентификаторы
56331
Редакция идентификаторы
56331_182384
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:36

0 1994 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы» ережесіне сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. 1994 жылы туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеу 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында өткізілсін.

2 2. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Құлниязов):

тіркеуді жүргізуге қажетті адамдармен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырсын;
келмеген шақырылушыларды іздестіріп, бақылайтын топ құрып, оның құрамына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, селолық округ әкімдері аппараттарынан, аудандық ішкі істер бөлімінен өкілдер енгізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Селолық округ әкімдері:

1994 жылы туылған азаматтардың тіркеу учаскелеріне уақытылы жеткізілуі үшін мекемелерден, мектептерден арнаулы көліктер ұйымдастырсын.

4 4. Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі (Е. Құлжан):

тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ жастарды өздерінің тұрақты мекен-жайы бойынша орта мектептерге бекітіп, оларды оқытуды ұйымдастыруды қатаң бақылауға алсын.

5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ш. Спанова):

тіркеуге дайындық жүргізуге және тіркеу кезінде құжаттарды толтыруға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көмек беру үшін 2011 жылдың 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығындағы уақытқа қоғамдық ақылы жұмысшылар қатарынан 7 адам бөлсін.

6 6. Аудандық «Орталық аурухана» МҚКК (М. Жазықов):

тіркеу барысында анықталған науқас азаматтарды емдеу мекемелеріне тұрақты бекітіп, оларды жан-жақты сауықтыру шараларын жүргізсін;
бұл жұмысты бақылауға алып, қажет жағдайда көшпелі дәрігерлік комиссия ұйымдастыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ әскери шақырылу қостарын қажетті медициналық және шаруашылық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аманғосқа тапсырылсын.

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.