1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
ҚАЗ1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 10.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2011 · қолданыстағы AI56524_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VJ000108
- ЭКБ идентификаторы
- 56524
- Редакция идентификаторы
- AI56524_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:45
0 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Жарма ауданның шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 және 44 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
1 1. Жарма ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, сондай-ақ шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу 2011 жылдың қаңтар-наурызында өткізілсін.
2 2. Шақыру учаскесіне тіркелетін 1994 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыру 2011 жылдың 25 қаңтарынан 2011 жылдың 31 наурызы аралығында жүргізілсін.
3 3. «Жарма ауданының № 1 медициналық бірлестігіне» КМҚҚ (Т. Брынзова, келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;
2 2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
3 3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
4 4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын ұйымдастыру.
4 4. Аумақтық бірлікті әкімдері тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
5 5. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Өмірзақов) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.
6 6. «Жарма ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Есполов) міндеттелсін:
1 1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеп және білім деңгейін тексеру;
2 2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлер іріктелу.
7 7. Жарма ауданының ішкі істер бөлімі (Ұ. Шарипов, келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1 1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау;
2 2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзіретті шегінде жүзеге асыру.
8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
9 9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Жарма ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Ғ. Дайрабаев
10 желтоқсан 2010 ж.
Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Ұ. Шарипов
10 желтоқсан 2010 ж.
Жарма ауданының № 1 медициналық
бірлестігінің директоры
Т. Брынзова
10 желтоқсан 2010 ж.