О проведении приписки граждан 1994 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 1994 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- 1994 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркеуді жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2011 56729_172156.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KR000212
- ЭКБ идентификаторы
- 56729
- Редакция идентификаторы
- 56729_172156
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:35
0 1994 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңның орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Бекмағамбетов Б.Ә. келісім бойынша) 1994 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркелмеген жастары үлкен азаматтарды тіркеу 2011 жылғы қаңтар-наурыз аралығында жүргізілсін.
2 2. Мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары, мектептер мен басқа қоғамдық салалардың директорлары әскерге дейінгі жастарды медициналық тексеруден өту үшін және құжаттарды жинау үшін, шақыру қағаздарын алысымен жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.О. Дүйсембаевке жүктелсін.
4 4. Осы шешімі ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
"КЕЛІСІЛДІ"
Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
подполковник
________________ Б.Ә. Бекмағамбетов
2010 ж. 21 желтоқсан