О проведении приписки на призывном участке "Отдела по делам обороны Алгинского района" граждан 1994 года рождения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки на призывном участке "Отдела по делам обороны Алгинского района" граждан 1994 года рождения
- Атауы (қаз.)
- "Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған ер азаматтарды тіркеуге алу жұмысын жүргізу туралы"
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 14.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2013 56843_202739.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CC000117
- ЭКБ идентификаторы
- 56843
- Редакция идентификаторы
- 56843_202739
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:40
0 "Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туылған ер азаматтарды тіркеуге алу жұмысын жүргізу туралы"
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына сәйкес Алға ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2011 жылдың қаңтар айы мен наурыз айы аралығында аудандық Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу, 2011 жылы он жеті жасқа толатын 1994 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген тұрақты немесе уақытша Алға ауданы аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін. Шараларды орындауға қатысты шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
2 2. Тіркеу жөніндегі өзінің жұмысында әскери міндеттілік және әскери қызмет мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің № 498-2009 бұйрығын қатаң басшылыққа алсын.
3 3. Әскерге шақыруға дейінгілерді шақыру пунктіне тіркеу жөніндегі комиссия мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлерінің және қызмет көрсететін адамдардың бұл міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа айлығы сақталады.
4 4. «Алға аудандық орталық ауруханасы» МКҚК (С. Тәженов) Алға ауданы Қорғаныс істері бөліміне:
1 1) бекітілген құрамға сәйкес тіркелетіндерге медициналық куәлік беру, жүргізу үшін дәрігер-мамандарды;
2 2) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді;
3 3) дәрігер мамандардың резервтегі құрамын бөлсін.
5 5. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары:
1 1) тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру, оларды аудандық шақыру пунктіне шақыру және олардың бұл шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
2 2) шақыруға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті олардың жұмыс (оқу) орындарындағы (стипендия) айлығын сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.
6
6. «Алға аудандық білім бөлімі» ММ (М. Тулеуов), Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімімен (С. Кусмамбетов) бірлесе отырып, Алға ауданының мектептерінде оқитын барлық 1994 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ жасөспірімдерді кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп есепке алсын.