Құжат мәтініне өту

1994 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Өзге акт · № 12-25 · қабылданған 15.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1994-ekb-56885/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
1994 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-25 ·15.12.2010
28.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

1994 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-25 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1994 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Атауы (қаз.)
1994 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-25
Қабылданған күні
15.12.2010
Көрсетілген редакция
28.12.2011 · қолданыстағы 56885_194567.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DN000103
ЭКБ идентификаторы
56885
Редакция идентификаторы
56885_194567
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:39

0 1994 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Көксу ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Строителей көшесі, N 13 мекен жайда орналасқан шақыру учаскесіне "Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Кенттік, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгіленген мерзімде Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Садықова Әлия Секерғалиқызына жүктелсін.

4 4. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Алматы облысы Ескелді
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі" бөлімі мемлекеттік
мекемесінің бастығы,
подполковник м.о.                          Қанағатов Асан Уахитұлы
15 желтоқсан 2010 ж

Қолданыстағы