Құжат мәтініне өту

Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Өзге акт · № 12-07 · қабылданған 20.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.05.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1994-ekb-57018/?version=57018_195883.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-07 ·20.12.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

ҚАЗҰйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12-07 · қабылданған 20.12.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Атауы (қаз.)
Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-07
Қабылданған күні
20.12.2010
Көрсетілген редакция
23.05.2011 · қолданыстағы 57018_195883.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
23.05.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DS000112
ЭКБ идентификаторы
57018
Редакция идентификаторы
57018_195883
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:38

0 Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу және әскери - техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды iрiктеу мақсатында Ұйғыр ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген еркек жынысты азаматтарды Ұйғыр ауданы Шонжы селосы А. Арзиев көшесі, 61 мекен – жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Ұйғыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.

2 2. Селолық округ әкімдері белгілеген мерзімде Ұйғыр аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтардың тізімдерін берсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модиновичке жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.