Құжат мәтініне өту

О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Отдела по делам обороны Шалкарского района" граждан 1994 года рождения

Өзге акт · № 10 · қабылданған 22.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1994-ekb-57132/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Отдела по делам обороны Шалкарского района" граждан 1994 года рождения Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 ·22.12.2010
08.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Отдела по делам обороны Шалкарского района" граждан 1994 года рождения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 10 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки на призывном участке государственного учреждения "Отдела по делам обороны Шалкарского района" граждан 1994 года рождения
Атауы (қаз.)
1994 жылы туған азаматтарды "Шалқар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
22.12.2010
Көрсетілген редакция
08.07.2011 57132_202224.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CM000144
ЭКБ идентификаторы
57132
Редакция идентификаторы
57132_202224
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:35

0 1994 жылы туған азаматтарды "Шалқар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18, 20, 44 бабтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасы және 37 бабының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2011 жылдың 10-қаңтарынан 31-наурызы аралығында «Шалқар ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1994 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Шалқар ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.

2 2. Аудандық емханасының бас дәрігері (Ж. Көптілеуов келісім бойынша) «Шалқар ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына:

1 1) тіркелушілерге медициналық куәландыруды өткізу үшін дәрігер мамандарды және медбикелерді;

2 2) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;

3 3) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді бөлу ұсынылсын.

3 3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына;

1 1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық шақыру пунктіне шақырғаны туралы хабар беру және олардың бұл шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;

2 2) әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа оларды жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.

4

4. «Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қ. Табаналы), «Шалқар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (А. Қоңыратбаев) бірлесе отырып қала, селолық округтер, мектептерінде оқитын барлық 1994 жылы туған азаматтарды тіркеумен толық қамтуды бақылауды жүзеге асырсын.
Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ азаматтарды кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп, есепке алсын.

5 5. «Шалқар қаласындағы № 1 аула клубы» ММ-нің бастығы (Н. Мәмбетов) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде № 1 аула клубын «Шалқар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пункті ретінде пайдалануға беретін болсын.

6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (Е. Шотанов) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ақылы қоғамдық жұмысқа жұмысшылар бөлсін.

7 7. Шалқар аудандық ішкі істер бөліміне (Қ. Ақшолақ келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлсін.

8 8. Селолық округтер әкімдері «Шалқар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің талабы бойынша әскер жасына дейінгілерді және әскерге шақырушыларды оларды шақыру пунктіне шақырылғандығын туралы хабарласын және жеткіншектердің уақытында келуін қамтамасыз етсін.

9 9. «Шалқар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (А. Қоңыратбаевқа) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар алсын.Тіркеу қорытындысы туралы 2011 жылдың 15 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

10 10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға және «Шалқар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Қоңыратбаевқа жүктелсін.

11 11. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

Қолданыстағы