1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12-100
- Қабылданған күні
- 31.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2012 · қолданыстағы 57157_184426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DG000114
- ЭКБ идентификаторы
- 57157
- Редакция идентификаторы
- 57157_184426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:19
0 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Жамбыл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскісінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Ұзынағаш селосы, Мәжітова көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскісіне «Жамбыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Селолық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары белгілеген мерзімде Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3
3. Жамбыл ауданы әкімінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы «1993 жылы туылған азаматтарды 2010 жылы Жамбыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөліміне шақыру учаскісіне тіркеп жазуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» нөмірі 1-4 (Жамбыл ауданының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 01 ақпанда тіркелген нөмірі 2-7-84 «Атамекен» газетінің 2010 жылғы 20 ақпанда 8 - нөмірінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.