Кіру
Құжат мәтініне өту

О квотах на экспорт продукции государственного значения Республики Казахстан в 1994 году

Қаулы · № 1142 · қабылданған 16.11.1993
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1994-ekb-82411/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О квотах на экспорт продукции государственного значения Республики Казахстан в 1994 году Қолданыста Қаулы ·№ 1142 ·16.11.1993
25.04.1994 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.1994. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О квотах на экспорт продукции государственного значения Республики Казахстан в 1994 году

Қолданыста Қаулы ·№ 1142 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О квотах на экспорт продукции государственного значения Республики Казахстан в 1994 году
Атауы (қаз.)
1994 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк маңызы бар өнiмдерiн экспортқа шығаруға арналған квоталар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1142
Қабылданған күні
16.11.1993
Көрсетілген редакция
25.04.1994 AI82411_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.1994
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P930001142_
ЭКБ идентификаторы
82411
Редакция идентификаторы
AI82411_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:42

0 1994 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк маңызы бар өнiмдерiн экспортқа шығаруға арналған квоталар туралы

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. 1994 жылы мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi экспортқа шығаруға арналған квоталар қосымшаға сәйкес (ТМД мен Балтық елдерiне өнiм берiп тұруды қоспағанда) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi экспортқа шығаруға арналған квоталардың мөлшерiн 5 күндiк мерзiмде мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға жеткiзетiн болсын.

3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң келiсуi бойынша 2 апталық мерзiмде аталған квота мөлшерiн мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындар бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне жеткiзсiн.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мемлекеттiк сыртқы сауда компанияларын-экспортерлердi көрсете отырып, мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi экспортқа шығаруға арналған квоталарды бiр апталық мерзiмде облыс әкiмдерi мен өнiм өндiрушi кәсiпорындарға жеткiзсiн.

5. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жөнелтiлмеген өнiм

мөлшерiне арналып 1993 жылғы квоталар бойынша берiлген
лицензиялардың, 1993 жылы өндiрiлген және тиiстi құжаттамамен
расталған өнiмдердiң лицензияларынан басқасы, мерзiмi ұзартуға
жатпайды.

6. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi экспортқа

шығарылатын өнiмдердi жөнелту үшiн көлiк құралдары бөлiнуiн және
уақтылы берiлiп тұруын бiрiншi кезектегi тәртiппен қамтамасыз
етсiн.

7 1994 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк маңызы бар өнiмдерiн экспортқа шығаруға (ТМД мен Балтық елдерiне өнiм берiп тұруды қоспағанда) арналған Квоталар

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 16 қарашадағы
N 1142 қаулысына
Қосымша
1994 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
маңызы бар өнiмдерiн экспортқа шығаруға (ТМД мен
Балтық елдерiне өнiм берiп тұруды қоспағанда) арналған
Квоталар
______________________________________________________________________
  Өнiм атауы                               ! Өлшем         ! Квотаның
                                           ! бiрлiгi       ! мөлшерi
----------------------------------------------------------------------
Мұнай                                        мың т.         5600
  оның iшiнде БК-ны қоспағанда               мың т.         2400
Кокстеуге арналған көмiр                     мың т.         1000

Дизель отыны                                 мың т.          490
Автомобиль бензинi                           мың т.          100
Жағатын мазут                                мың т.          800
Табиғи газ                                   млрд. текше м.    3
Мыс                                          мың т.          146
Мырыш                                        мың т.          134
Қорғасын                                     мың т.           70
Хром рудасы                                  мың т.         1100
Ферроқорытпалар                              мың т.          650
Алюминий қорытпалары                         т.              500
Қара металдар прокаты                        мың т.         1200
Ақ қаңылтыр                                  мың т.           80
Сирек және жерде сирек кездесетiн металдар,
олардың қосындылары мен бұйымдары            млн. доллар     200
Таза күйiндегi жүн                           мың т.            9,8
📌 Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нің 1994.04.26. N 435
қаулысымен.

Қолданыстағы