Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарын Уәлиханов ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарын Уәлиханов ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарын Уәлиханов ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 30.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2012 · қолданыстағы 61797_194037.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SM000149
- ЭКБ идентификаторы
- 61797
- Редакция идентификаторы
- 61797_194037
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:01
0 Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарын Уәлиханов ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1 1. Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Уәлиханов ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М. Бейсембинге жүктелсін.
3
3. «Уәлиханов ауданының шақыру учаскесіне 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарын 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 06 желтоқсандағы № 22 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 желтоқсанда 13-13-132 нөмірімен тіркелген және аудандық «Шұғыла» газетінде 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 50(7097) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қ.Ж. Омаров