Об организации и обеспечении на территории Есильского района приписки граждан мужского пола Республики Казахстан 1995 года рождения к призывному участку с января по март 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении на территории Есильского района приписки граждан мужского пола Республики Казахстан 1995 года рождения к призывному участку с января по март 2012 года
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған ер азаматтарын Есіл ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурызында шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 02.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2012 61997_179406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SF000181
- ЭКБ идентификаторы
- 61997
- Редакция идентификаторы
- 61997_179406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:59
0 Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған ер азаматтарын Есіл ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурызында шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын және бұрын тіркеуден өтпеген шақырылу жастағы ересек ер азаматтарын Есіл ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурызында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2
2. «Қазақстан Республикасының 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарын Есіл ауданының аумағында 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» аудан әкімінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 18 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуі тізілімінде 2010 жылғы 08 желтоқсанда № 13-6-153 тіркелген және аудандық «Ишим» газетінде 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 54 (8516) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ.Едіресовке жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Сүлейменов Сағындық Әбдірахманұлы