Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 25.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2012 AI62155_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NM000141
- ЭКБ идентификаторы
- 62155
- Редакция идентификаторы
- AI62155_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:04
0 2012 жылы шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
1 1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда аудан аумағында "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесiне Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарының тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Шақыру пункті Қарасу селосында ұйымдастырылсын.
3
3. Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "Қарасу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорынының (келісім бойынша) бас дәрiгерiмен "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығымен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуі ұсынылсын.
4
4. "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге арналған нарядты оқу орындарына жеткізу, бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы-оқытушыларын әскери оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, олардың жұмысын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу басталғаны жөнінде хабарландыру беруі ұсынылсын. Тіркеу кезінде әскери оқу орындарына түсуге әскери-кәсіптік бағыттау мақсатында әр әскерге жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу жүргізілсін.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкiмiнiң орынбасары Б.Б.Уәлиевке жүктелсiн.
6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық
сақтау басқармасы "Қарасу аудандық
орталық ауруханасы" мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық кәсiпорнының
бас дәрiгерi
____________________ М. Манькевич
"Қостанай облысы Қарасу ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесiнің бастығы
_____________________ А. Мұқашев