Құжат мәтініне өту

1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Баянауыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Өзге акт · № 13 · қабылданған 22.12.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 25.09.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1995-2012-ekb-63029/?version=63029_191145.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Баянауыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қолданыста Өзге акт ·№ 13 ·22.12.2011

1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Баянауыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

ҚАЗ1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Баянауыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қолданыста Өзге акт ·№ 13 · қабылданған 22.12.2011

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Баянауыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Атауы (қаз.)
1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Баянауыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
13
Қабылданған күні
22.12.2011
Көрсетілген редакция
25.09.2013 · қолданыстағы 63029_191145.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PE000100
ЭКБ идентификаторы
63029
Редакция идентификаторы
63029_191145
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:37

0 1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Баянауыл ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

1 1. 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Баянауыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - шақырту учаскесі) тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізілсін.

2 2. Ауданның Майқайың кенті мен ауылдық округ әкімдері, бағыныштылығы мен меншік нысанына байланыссыз ұйымдар мен мекемелердің басшылары (келісім бойынша):

1 1) есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін есепке алынатын азаматтарды қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.

3 3. "Баянауыл орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):

1 1) есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтаудан өткізу үшін маман-дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;

2 2) есепке алынатын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.

4 4. "Баянауыл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

1 1) шақырту учаскесінде шақырту комиссиясының жұмысы кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;

2 2) әскери міндетті атқарудан бас тартушыларды іздеуді және ұстауды жүргізсін.

5 5. "Баянауыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкіміне есепке алуды өткізу нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. К. Тоғжігітоваға жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Баянауыл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
Б. Орашев
2011 жыл
Баянауыл ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы
А. Баженеев
2011 жыл
Баянауыл орталық аудандық
ауруханасының бас дәрігері
Қ. Армизов
2011 жыл