Құжат мәтініне өту

О приписке граждан 1995 года рождения к призывному участку государственного учреждения "Объединенный отдел по делам обороны города Экибастуза Павлодарской области" в январе - марте 2012 года

Өзге акт · № 3 · қабылданған 05.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1995-2012-ekb-63118/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О приписке граждан 1995 года рождения к призывному участку государственного учреждения "Объединенный отдел по делам обороны города Экибастуза Павлодарской области" в январе - марте 2012 года Қолданыста Өзге акт ·№ 3 ·05.01.2012
29.01.2013 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О приписке граждан 1995 года рождения к призывному участку государственного учреждения "Объединенный отдел по делам обороны города Экибастуза Павлодарской области" в январе - марте 2012 года

Қолданыста Өзге акт ·№ 3 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О приписке граждан 1995 года рождения к призывному участку государственного учреждения "Объединенный отдел по делам обороны города Экибастуза Павлодарской области" в январе - марте 2012 года
Атауы (қаз.)
1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
05.01.2012
Көрсетілген редакция
29.01.2013 AI63118_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PC000314
ЭКБ идентификаторы
63118
Редакция идентификаторы
AI63118_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:25

0 1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылдың қаңтар - наурызында "Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

1

1. "Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлім) (келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар - наурызында 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтардың, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

2 2. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша денсаулық сақтау бөліміне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде:

1 1) азаматтардың медициналық куәландыруын қамтамасыз ету;

2 2) дәрі-дәрмекпен, медициналық мүліктермен және шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасына (келісім бойынша):

1 1) қылмыстық жауапкершілікке тартылған, тергеуде жүрген, сотталған, ішкі істер органдарында есепте тұрған 1995 жылы туған азаматтардың тізімін Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімге табыстасын;

2 2) комиссиядан өтуге себепсіз келмей жүрген, 1995 жылы туған жастарды, оларды тіркеу комиссиясына Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімнің жеке іздестіру қағазы бойынша міндетті түрде жеткізе отырып, іздестіру бойынша шұғыл шаралар қолдану ұсынылсын.

4 4. Екібастұз қаласы ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдардың әкімдері 1995 жылы туған жастарды кестеге сәйкес тіркеу жөніндегі комиссияға 100 %-ға келуін, шақыру учаскесіне жеткізілуін және тәртіп сақталуын қамтамасыз етсін.

5 5. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы А. Құрманова тіркеу өткізуге байланысты шығындарды қаржыландыруды осы бағдарлама бойынша қала бюджетін қаржыландырудың 2012 жылға бекітілген жоспарына сәйкес қалалық бюджет есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6 6. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдардың әкімдері осы шешімнің орындалу барысы туралы ай сайын 10 (оныншы) күнге ақпарат беріп отырсын.

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. Мардановаға және Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы Қ. Құсаиновқа (келісім бойынша) жүктелсін.

8 8. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Павлодар облысы денсаулық сақтау
басқарманың бастығы А. Кузеков
2011 жылғы 29 желтоқсан
КЕЛІСІЛДІ
Екібастұз қаласы ішкі істер
басқарманың бастығы Д. Сиразидимов
2011 жылғы 29 желтоқсан
КЕЛІСІЛДІ
Екібастұз қаласы қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімінің бастығы Қ. Құсаинов
2011 жылғы 29 желтоқсан

Қолданыстағы