О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1995 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Павлодарского района в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1995 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Павлодарского района в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылы Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуін өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-Ш
- Қабылданған күні
- 16.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2013 63406_192282.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PK000153
- ЭКБ идентификаторы
- 63406
- Редакция идентификаторы
- 63406_192282
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:21
0 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылы Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуін өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1 1) 2012 жылдың қаңтар – наурызында айларында есепке алу жылында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Павлодар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – шақырту учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.
2 2. Ауданның селолық округ әкімдері бағыныштылдығы мен меншік нысанына байланыссыз ұйымдар мен мекемелердің басшылары (келісім шарт бойынша):
1 1) есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
2 2) есепке алынатын азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін кажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.
3 3. "Павлодар ауданының емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
1 1) есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтаудан өткізу үшін маман-дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
2 2) есепке алынатын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.
4 4. "Павлодар ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
1 1) шақырту учаскесінде шақырту комиссиясының жұмысы кезенінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
2 2) әскери міндетті атқарудан бас тартушыларды іздеуде және ұстауды жүргізсін.
5 5. "Павлодар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкіміне есепке алуды өткізу нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Губаревқа жүктелсін.
7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар ауданы қорғаныс
істері бөлімінің бастығы Н. Шамкенов
2012 жылғы
Павлодар ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы Т. Садыков
2012 жылғы
"Павлодар ауданының емханасы"
КҚМК-ның бас дәрігері Т. Жұматаев
2012 жылғы