Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации приписки к призывному участку граждан 1995 года рождения проживающих на территории района Т.Рыскулова в 2012 году

Өзге акт · № 2 · қабылданған 15.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1995-2012-ekb-63486/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
Об организации приписки к призывному участку граждан 1995 года рождения проживающих на территории района Т.Рыскулова в 2012 году Қолданыста 16.01.2012 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации приписки к призывному участку граждан 1995 года рождения проживающих на территории района Т.Рыскулова в 2012 году

Қолданыста Өзге акт № 2 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации приписки к призывному участку граждан 1995 года рождения проживающих на территории района Т.Рыскулова в 2012 году
Атауы (қаз.)
2012 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
15.01.2012
Қолданысқа енгізілген күні
25.03.2012
Көрсетілген редакция
16.01.2012 AI63486_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12GH000134
ЭКБ идентификаторы
63486
Редакция идентификаторы
AI63486_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:21
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2012 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМIН:

1. «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Ердосовқа (келiсiм бойынша) 2012 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеудi жүргiзу ұсынылсын.

2. Ауылдық округ әкімдері «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.

3. «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ш.Мырзалиевке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық куәландрудан өткізу ұсынылсын.

5. «Жамбыл облысының Ішкі істер Департаментінің Т.Рысқұлов ауданының Iшкi iстер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ашималиевке (келiсiм бойынша) өз құзыреттерi шегiнде әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.

6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Қарсыбаевқа жүктелсiн.

7. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛIСIЛДI»

«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»

мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы

К.Ж.Ердосов

23.01.2012 жыл

«Жамбыл облысының Ішкі істер Департаментінің Т.Рысқұлов

ауданының Iшкi iстер бөлімі»

мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы

С.Т.Ашималиев

23.01.2012 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері

Ш.Мырзалиев

23.01.2012 жыл