Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку города Павлодара

Өзге акт · № 22 · қабылданған 13.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1995-ekb-62465/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О проведении приписки граждан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку города Павлодара Күшін жойған Өзге акт ·№ 22 ·13.12.2011
26.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку города Павлодара

Күшін жойған Өзге акт ·№ 22 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку города Павлодара
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласының шақыру учаскесіне 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22
Қабылданған күні
13.12.2011
Көрсетілген редакция
26.12.2012 AI62465_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11PA000180
ЭКБ идентификаторы
62465
Редакция идентификаторы
AI62465_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:48

0 Павлодар қаласының шақыру учаскесіне 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:

1 1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуге алынбаған ересектерді Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тіркеуге алу жүргізілсін.

2 2. Мыналар:

1 1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің және оқу орындарының басшыларына талап етілетін құжаттарымен тіркеуге алынатын еркек жынысты азаматтардың Павлодар қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына уақытында келуін қамтамасыз ету;

2

2) емдеу мекемелерінің бас дәрігерлеріне тіркеуге алу жұмысы басталысымен, еркек жынысты азаматтар арасында емдеу-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және емдеуді қажет ететіндерді жасөспірімдер кабинеттеріне дербес есепке алу. Жасөспірімдер дәрігерлерінің еркек жынысты азаматтарды медициналық куәландыруда қатысуын ұйымдастыру ұсынылсын.

3 3. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуге алынбаған ересектерді шақыру учаскесіне тіркеуге алуды ұйымдастыру мен жүргізу үшін ақша қаражатын бөлсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е. Иманслямға жүктелсін.

5 5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы