Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении приписки граждан 1995 года рождения к призывным участкам

Өзге акт · № 01-01 · қабылданған 10.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1995-ekb-63216/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и обеспечении приписки граждан 1995 года рождения к призывным участкам Күшін жойған Өзге акт ·№ 01-01 ·10.01.2012
02.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении приписки граждан 1995 года рождения к призывным участкам

Күшін жойған Өзге акт ·№ 01-01 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении приписки граждан 1995 года рождения к призывным участкам
Атауы (қаз.)
1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01-01
Қабылданған күні
10.01.2012
Көрсетілген редакция
02.04.2012 63216_422487.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DS000126
ЭКБ идентификаторы
63216
Редакция идентификаторы
63216_422487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:24

0 1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды iрiктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы, Арзиев көшесі, №61 мекен–жайында орналасқан "Ұйғыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2 2. Селолық округ әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленген мерзімде "Ұйғыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модиновичке жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Ұйғыр ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Оспанов Аскар Советханович
10 қаңтар 2012 жыл

Қолданыстағы