Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1996 года

Өзге акт · № 60 · қабылданған 01.04.1996
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1996-ekb-359/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1996 года Қолданыста Өзге акт ·№ 60 ·01.04.1996
01.04.1996 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1996 года

Қолданыста Өзге акт ·№ 60 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1996 года
Атауы (қаз.)
Азаматтарды 1996 жылғы сәуiр-маусымда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
60
Қабылданған күні
01.04.1996
Көрсетілген редакция
01.04.1996 359_267544.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V96U000008_
ЭКБ идентификаторы
359
Редакция идентификаторы
359_267544
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:24

0 Азаматтарды 1996 жылғы сәуiр-маусымда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметшiлердi запасқа шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың сәуiр-маусым айларында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2919 Жарлығының негiзiнде:

1 1. 1978-1968 жылдары туылған, шақырудан кейiнге қалуға құқы жоқ азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке және Қарулы Күштер қатарына шақыру мен жөнелту 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап 1 маусымына дейiн жүргiзiлсiн.

2 2. Облыстың аудандық /қалалық/ шақыру комиссияларына басшылық ету және қызметiне бақылау жасау үшiн мына құрамда облыстық комиссиясы құрылсын:

Комиссия төрағасы: Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң
орынбасары С.Ж.Барахова
Комиссия төрағасының орынбасары: облыстың әскери комиссары,
полковник Т.Н.Нуров
Комиссия мүшелерi:
Облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары, полковник
А.И.Шкут
Облыс әкiмшiлiгi денсаулық сақтау
департаментi бастығының орынбасары
С.Р.Әбсейiтова
Медицина қызметiнiң дәрiгер-
лейтенанты, медициналық
комиссияның төрағасы
М.А.Жылқышиев
Комиссия хатшысы К.Е.Ширинская.
Аудандық шақыру комиссиялары жұмысын 1 сәуірде, облыстық шақыру комиссиясы 8 сәуiрде бастасын.

3 3. Комиссия төрағасы аудандық, қалалық шақыру комиссияларының қызметiн бақылауға алу және 1996 жылғы көктемгi шақырудың барысы жөнiндегi аудандарға шығу кестесiн барлық комиссия мүшелерiмен келiссiн.

4 4. Облыстың жиналу пунктiнiң, облыстық шақыру комиссиясының жұмысы Еңбекшi ауданының әскери комиссариат базасында ұйымдастырылсын.

5 5. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау департаментi /Момынов/:

- Қорғаныс министрлiгiнiң № 61-1995 ж. бұйрығымен анықталған, медициналық айғақтаудың мөлшерiмен әдiстемесiне сәйкес облыстық, аудандық және қалалық әскери комиссариаттар белгiлеген мерзiмде облыстың жиналу пунктiнде және аудандық, қалалық шақыру комиссияларында маман дәрiгерлердiң шақырушыларды, қатаң түрде медициналық айғақтауын өткiзуiн ұйымдастырсын;
- шақыру комиссияларының жолдауы бойынша шақырушыларды стационарлық тексеруден жедел өткiзсiн. Шақырушыларды барлық шақыру учаскелерiнде флюорографиядан өткiзсiн, медициналық бақылау комиссиясының жұмысы кезiнде облыстың жиналу пунктiне жылжымалы рентген қондырғысын бөлсiн;
- 1996 жылғы 20 маусымға дейiн аудандық, қалалық және облыстық медицина комиссияларының жұмыс нәтижесін талдасын, әскери бөлiмдерден, жиналу пунктiнен шақырушылардың қайту себебін зерттесін және шақыру шақыру мерзіміне дейінгі жастар мен шақырушылардың медициналық жағынан айғақтауды, жастардың Қарулы Күштер қатарына даярлығын медициналық жағынан қамтамасыз етудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн;
- шақыру мерзiмiне дейiн шақырушылардың медициналық жағынан айғақталуын ұйымдастыру жөнiнде облыстық, аудандық және қалалық медицина комиссияларының дәрiгерлерiмен жиындар өткiзсiн;
- облыстық, қалалық және аудандық денсаулық сақтау органдарының тапсырыстары бойынша шақыру кезеңiнде дәрiгер мамандарын жiберсiн, сонымен қатар қажеттi медициналық құралдармен қамтамасыз етсiн.

6 6. Облыс әкiмшiлiгiнiң мәдениет басқармасы /Әжiбеков/:

- облыстың жиналу пунктiнде шақыру учаскелерiнде көркем-өнерпаздар ұжымының өнер көрсетуін және басқа да бұқаралық мәдени шараларды ұйымдастырсын;
- облыстық жиналу пунктiнде әскери патриоттық тақырыптарға арналған көркем және деректi фильмдер көрсету қамтамасыз етiлсiн.

7 7. Облыстық тұтынушылар одағы /Реймер/ шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу пунктiнде күнделiктi сұранымдағы тауарлар мен тағамның сатылуын ұйымдастырсын.

8 8. Облыстық iшкi iстер басқармасы /Сұлтанов/:

- команданы жөнелту күндерiнде облыстық жиналу пунктiнде, темiржол бекеттерi мен шақыру учаскелерiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуына әскери комиссариаттарға көмек көрсетсiн;
- "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Заңды орындаудан бас тартқандарды iздестiрудi жүргiзсiн.

9 9. Облыс әкiмшiлiгiнiң жастар iсi, саяхат және спорт жөнiндегi басқармасы /Бектаев/:

- шақырушылар арасында спорттың әскери қолданбалы түрлерi бойынша спорттық разрядтар, ГТО кешенiнiң нормативтiк тапсыруын және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын күшейтсiн, сонымен қатар облыстық жиналу пунктiнде ГТО кешенiнiң жекелеген нормативтерiн айғақтауда шақырушылардың бiр бөлiгiн тексерудi ұйымдастырылсын.

10

10. Жолаушылар тасымалдау автокөлiгi Шымкент өндiрiстiк бiрлестiгі /Әлиев/ әскери комиссариаттардың өтiнiштерi бойынша аудандар мен қалалардың облыстық жиналу пунктiне темiржол бекетi мен ұшақжайға шақырушыларды тасымалдау үшiн қажеттi мөлшерде тариф бойынша ақы төлеу арқылы техникалық жағынан жарамды автобустар бөлсiн.

11 11. Қалалық көрiктендiру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы /Ордабаев/ облыстық комиссариаттың тапсырысы бойынша әскери бөлiмдерден толықтырушы жастар үшiн келген әскери қызметкерлердi Шымкент қаласының мейманханаларына орналастырсын.

12 12. Облыстық баспахана /Назаров/ азаматтардың әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз ету үшiн бiрiншi кезекте қажеттi бланкiлер әзiрлесiн.

13 13. Қала және аудан әкiмдерi:

- "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Заңның 14 бабына сәйкес шақыру комиссиясын құру туралы шешiм қабылдасын;
- 1996 жылғы сәуiр-маусым аралығында шақыру өткiзу және жастарды Қарулы Күштер қатарына даярлау жөнiндегi кешендi жоспарларды толыққанды және саналы орындау жөнiнде қажеттi шараларды өткiзсiн;
- шақыруды ұйымдастыру және өткiзу, шақырылғандарды әскери бөлiмдерге жөнелту үшiн әскери комиссариаттарды жарамды жабдықтармен, жайлармен қамтамасыз етсiн және қажеттi мөлшерде дәрiгерлер, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететiн адамдар бөлсiн;
- Шымкент қаласының әкiмi /Орманов/ облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша облыстық жиналу пунктiнiң жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер мен дәрiгерлер бөлсiн;
- ауыл әкiмдерi шақыру кезеңiнде алынған тиiстi аудандық әскери комиссариаттың шақыру қағазы бойынша шақырушылардың келуін қамтамасыз етсiн.

14 14. Бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары шақырушыларды iссапардан /демалыстан/ шақырып алсын және олардың шақыру учаскесiне өз мерзiмiнде келуiн қамтамасыз етсiн.

15 15. Шақырудың қорытындылары қала және аудан әкiмдерiмен бiрге облыс әкiмшiлiгiнде 1996 жылғы маусымдағы кеңесiнде қаралсын.

16 16. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiне /Бочаров/ жүктелсiн.

Қолданыстағы