Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О Программе по адресной социальной защите населения области на 1997-1998 гг.

Өзге акт · № 7-292 · қабылданған 28.07.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1997-1998-ekb-4698/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О Программе по адресной социальной защите населения области на 1997-1998 гг. Күшін жойған 28.07.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О Программе по адресной социальной защите населения области на 1997-1998 гг.

Күшін жойған Өзге акт № 7-292 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Программе по адресной социальной защите населения области на 1997-1998 гг.
Атауы (қаз.)
Облыс халқын бәсірелік әлеуметтік қорғау жөніндегі 1997-1998 жылдарға арналған бағдарлама туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7-292
Қабылданған күні
28.07.1997
Көрсетілген редакция
28.07.1997 4698_261266.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97D000056_
ЭКБ идентификаторы
4698
Редакция идентификаторы
4698_261266
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс халқын бәсірелік әлеуметтік қорғау жөніндегі 1997-1998 жылдарға арналған бағдарлама туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің күн көрісі нашар азаматтарды әлеуметтік жағынан қолдау туралы Жарлықтарын, қаулыларын жүзеге асыру және соғыс мүгедектері мен қатысушыларына, олармен теңестірілгендерге көп балалы отбасыларына, зейнеткерлер қатарынан жалғыз тұратындарға, мүгедектерге, басқа да аз қамтамасыз етілген азаматтар санаттарына материалдық көмек көрсету мақсатында облыс Әкімі шешім етті:

1. Облыс халқын бәсірелік әлеуметтік қорғау жөніндегі 1997-1998 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін (қоса тіркелген).

2. Аудандардың, Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларының әкімдері, облыстық комитеттер мен басқармалардың басшылары:

- халықты бәсірелік әлеуметтік қорғау жөнінде белгіленген шараларды орындауды қамтамасыз етсін;
- ай сайын селолық, поселкелік округтер әкімдерінің, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының осы бағдарламаны орындау жөніндегі жұмысы туралы есептерін тыңдасын;
- осы шешімнің орындалу барысы туралы 1998 жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесіне хабарлама берсін.

1997-1998 жылдарға арналған облыс халқын бәсірелік әлеуметтік қорғау жөніндегі БАҒДАРЛАМАСЫ

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарлары Е.И. Жүнісбеков пен О.Н. Жақияновқа жүктелсін.
1997-1998 жылдарға арналған облыс халқын
бәсірелік әлеуметтік қорғау жөніндегі
БАҒДАРЛАМАСЫ

I. Жалпы ережелер

Осы бағдарламаның өтпелі кезең жағдайындағы негізгі мақсатты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің халықтың әл-ауқаты нашар бөлігін әлеуметтік қолдау туралы Жарлықтары мен қаулыларын практика жүзінде жүзеге асыру, бәсірелік әлеуметтік саясат жүргізу, соғысқа қатысқандарға, мүгедектерге және олармен теңестірілгендерге, көп балалы отбасыларына, зейнеткерлер қатарынан жалғыз тұратын жұмыс істемейтін азаматтарға, мүгедектерге, басқа да аз қамтамасыз етілген азаматтар санаттарына материалдық қолдау көрсету болып табылады.
Осы маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге кәсіпорындар мен мекемелердің, жергілікті өкімет органдарының, қайырымдылық қорлардың, коммерциялық құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктердің күші бағытталды.

II. Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету

1. Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздерін анықтайтын азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығын жүзеге асыруда жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуын регламенттейтін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" 1997 жылдың 20-шы маусымдағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыру.
Тұрақты. Облыстық еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасы,
аудандық, қалалық халықты
әлеуметтік қорғау
басқармалары

2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Еңбекақы мен зейнетақыны уақытында төлеуді қамтамасыз ету бойынша , бірінші кезектегі шаралар жөніндегі" 1997 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығын орындауда:

а) зейнетақы бойынша қарыздарды төлеу үшін зейнеткерлердің тізімдерін уақытында және сапалы жасауды қамтамасыз ету және оларды ұлттық банкілерге табыстау;

б) осы мақсатқа бөлінген транштарға сәйкес зейнетақы бойынша қарыздарды өтеуді 1997 жылдың аяғына дейін аяқтау;

в) осы жылдың 1-ші шілдесінен бастап зейнеткерлерге өткен айдың зейнетақы төлеуді ай сайын жүргізу. Зейнетақы қорына сақтандыру жарнасының толық түсуін қамтамасыз ету;

г) балаларға жәрдемақы төлеу бойынша қарызды жылдың аяғына дейін өтеу;

д) ұлттық банкілердің материалдық-техникалық базаларын нығайту, жергілікті орындарда олардың филиалдарын, зейнетақы мен жәрдемақыны уақытысында төлеу үшін жылжымалы касса пункттерін ашудың қосымша шараларын жүзеге асыру.

Тұрақты.
Облыс әкімінің аппараты,
аудандардың және қалалардың
әкімдері, облыстық, аудандық
қалалық халықты әлеуметтік
қорғау басқармалары, Ұлттық
банктің аудандық және
қалалық филиалдары

3. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" жаңа Заң жөнінде, зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсарту, зейнетақы бойынша қарыздарды өтеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы халық арасында түсініктеме жұмыстарын кеңінен жүргізу.

Тұрақты.
Облыс әкімінің аппараты,
аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық, аудандық
қалалық халықты әлеуметтік
қорғау басқармалары

III . Ұлы Отан соғысының мүгедектерін, қатысушыларын және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қолдау

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктер туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Жарлығына , сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беруді тәртіпке келтіру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес соғыс мүгедектерінің, қатысушыларының және оларға теңестірілген адамдардың мұқтаждары мен сұранымдарын барынша қанағаттандырып отыру.
Тұрақты.
Облыс әкімінің аппараты,
аудандардың және қалалардың
әкімдері, облыстық басқармалар
мен комитеттер

2. Соғыс ардагерлерін санаторлы-курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету, ал жолдамадан бас тартқан жағдайларда оның ақшалай өтемін төлеу.

Тұрақты.
Облыстық, аудандық
қалалық халықты әлеуметтік
қорғау басқармалары

3. Соғыс мүгедектерін арнайы жылжымалы құралдармен қамтамасыз ету мәселесін осы мақсатқа арналып бюджетте көзделген қаржы көлемінде шешу.

Тұрақты.
Облыс әкімінің аппараты,
облыстық қаржы, еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау басқармалары

4. Соғыс ардагерлерінің жеке тұрғын үй құрылыс үшін жер учаскелерін бөлу және жеңілдікті несие беру сұранымдарын барынша қанағаттандыру.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық
басқармалары мен комитеттер

5. Жеңілдік алушыларды дәрі-дәрмекпен, есту-протез аппараттарымен және көзілдірікпен жеңілдікті және тегін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрақты медициналық көмек көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері,облыстық денсаулық
сақтау басқармасы, міндетті
медициналық сақтандыру
қорының облыстық бөлімі

6. Облыс әкімінің 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3-64 шешіміне сәйкес бюджетте көзделген қаржы шегінде соғысқа қатынасқандар мен мүгедектердің жеке тұрғын үйлеріне күрделі жөндеу жүргізу.

Тұрақты.
Облыс әкімінің аппараты,
аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау, қаржы басқармалары

IV. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек

1. Күн көрісі нашар жұмыс істемейтін жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерді айқындау және арнайы әлеуметтік қызметтермен, азық-түлікті үйлеріне жеткізіп берумен қамтамасыз ету мақсатында оларды есепке қою. Қазақстан Республикасы Президентінің "Зейнеткерлер мен мүгедектер санынан жұмыс істемейтін, жалғыз тұратын азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 18 қаңтардағы N 1509 Жарлығына сай дүкендерге төмен бағамен товарлар сату бөлімдерін, бұйымдар жинау пункттерін ашу.
Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау,
өнеркәсіп және сауда
басқармалары

2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру және сауықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

Тұрақты.
Аудандардың және қалалардың
әкімдері, облыстық
комитеттер мен басқармалар

3. Жалпы білім беретін мектептердің жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерді қамқорлыққа алуын дамытуға ықпал ету.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық еңбек және
әлеуметтік қорғау, білім
басқармалары

4. Жыл сайынғы "Мүгедек күнін" және "Қарт адамдар күнін" өткізуде мүгедектер мен қартайған азаматтарға қосымша материалдардың көмек көрсете отырып өткізуге ерекше көңіл бөлу.

Қыркүйек-қазан айлары.
Аудандардың және қалалардың
әкімдері, облыстық еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасы, облыстық
мүгедектер қоғамы, облыстық
ардагерлер кеңесі

5. Қарттар мен мүгедектерге арналған облыстық интернат-үйлерін қаржыландыруды жақсарту, олардың материалдық-техникалық базасының нығаюына, қамқорға алынғандарға сапалы қызмет көрсетілуіне және ұсталуына ықпал ету.

Тұрақты.
Аудандардың және қалалардың
әкімдері, облыстық қаржы,
еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау басқармалары

v

V. Көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар туралы" 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 Жарлығына сәйкес көпбалалы отбасыларының тиісті жеңілдіктер мен басымдылықтарды пайдалануын қамтамасыз ету.

Тұрақты.
Облыс әкімінің аппараты,
аудандардың және қалалардың
әкімдері, облыстық комитеттер
мен басқармалар

2. Жұмыс істемейтін көпбалалы аналарға, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға материалдық көмек көрсетіп отыру.

Тұрақты.
Аудандардың және қалалардың
әкімдері, облыстық еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
басқармасы

3. Балаларға Ұлттық банк арқылы жәрдемақы уақытысында төлеуді қамтамасыз етіп отыру.

Тұрақты.
Облыстық қаржы және халықты
әлеуметтік қорғау басқармалары,
Ұлттық банктің облыстық
филиалы

4. Көпбалалы отбасыларға шаруа қожалықтарын, фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруға көмектесу, осы үшін жеңілдетілген кредит бөлу, жеңілдетілген жағдайлармен азық-түлік дән қалдықтарын, жем-шөп жайылым, жер учаскелерін бөлу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық
комитеттер мен басқармалар

5. Жетім балалардың және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың спорт, көркемөнер және музыка мектептерінде, өнер мектептерінде тегін оқуын, мәдени спорт және басқа шараларға тегін қатысуын, олардың емделу және санаториялық типтегі мектепке дейінгі балалар мекемелері мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан басқа да сауықтыру мекемелеріндегі орындармен кезексіз қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.
Тұрақты.
Аудандардың және қалалардың
әкімдері, облыстық білім,
жастар істері, туризм және
спорт басқармалары

6. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалғандарға арналған мекемелерді олардың тапсырысы бойынша тағам өнімдерімен, жұмсақ инвентармен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен бірінші кезекте қамтамасыз етіп отыру.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық
тұтынушылар одағы

7. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар қатарынан интернат мекемесін және басқа оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін қажетті шаралар қабылдау, оларға тұрғын үй және тұрмыстық орнығуына, ұзақ уақыт пайдаланатын товар алуына жеңілдетілген жағдайда ұзақ мерзімді несиелер беру.
Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері,облыстық білім,
еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау басқармалары

8. Жетім балаларға қайырымдылық қорлардың, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың есебінен материалдық көмек көрсетіп отыру.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық балалар
қоры, облыстық комитеттер
мен басқармалар

9. Зиянды және ауыр жағдайда әйелдер еңбегін пайдалануға, қолмен жүк көтеру мен тасу кезінде әйелдер үшін рұқсат етілген шекті ауырлық нормасының бұзылуына жол бермеу.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
басқармасы, кәсіпорындардың
басшылары

vi

VI. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, басқа да бюджеттік мекемелер қызметкерлерін әлеуметтік қолдау

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Зейнетақы мен жалақының уақытында төленуін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1997 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығына сай әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын, студенттердің стипендиялары мерзімінде төлеп отыру.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық қаржы
басқармасы, облыстық
комитеттер мен басқармалар

2. Бұрын мемлекеттік мекемелерде, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет жүйесінде жұмыс істеген жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерді кәсіпорындардың, коммерциялық құрылымдардың қамқорлығына бекіту бұдан әрі де қолданылсын.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық комитеттер
мен басқармалар,
кәсіпорындардың басшылары

3. Селолық жерлерде, қалаларда, поселкелерде тұратын мұғалімдер мен медициналық қызметкерлерді жеңілдетілген жағдайда көмірмен қамтамасыз етуде ықпал ету.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық
комитеттер мен басқармалар

4. Мұғалімдерге, дәрігерлерге және әлеуметтік саланың басқа да қызметкерлеріне пәтерлер, жер учаскелерін, құрылыс материалдарын, тұрғын үй салу үшін жеңілдікті кредит бөлуге көмек көрсетіліп отырсын.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық
комитеттер мен басқармалар

vii

VII. Халықтың аз қамтамасыз етілген жіктеріне бәсірелік әлеуметтік көмек көрсетілуін ұйымдастыру

1. Барлық аз қамтамасыз етілген отбасыларын айқындау жөніндегі жұмыстар жүйелендірілсін, бәсірелік әлеуметтік көмек берудегі есеп жүргізуді тәртіпке келтіру.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау органдары

2. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына тегін немесе арзан бағамен тамақ өнімдерін, ақшалай қаражат, көліктік қызмет көрсетуде жәрдем берумен материалдық көмек көрсету.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық
комитеттер мен басқармалар

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 15 маусымдағы N 1805 Жарлығына сай бәсірелік көмек көрсету жолымен облыстық "Шапағат" қайырымдылық қорының жұмысын жандандыру.

Тұрақты.
Облыстық "Шапағат" қайырымдылық
қорының орталығы

4. Аз қамтамасыз етілген отбасыларын 1997-1998 жылғы қыс кезеңіне жеңілдетілген жағдайда отынмен қамтамасыз ету.

Жылдың аяғына дейін.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық қаржы,
еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау басқармалары,
отын базаларының басшылары

5. Халықты жұмыспен қамтудың 1997 жылға арналған бағдарламасының орындалуына, жұмыс орындарының құрылуына жұмысшы кадрлардың оқытылуына және қайта оқытылуына бақылауды күшейту.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық еңбек және
әлеуметтік қорғау басқармасы

6. Облыстық кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптарының орындалуына және олардың қызметкерлерге денсаулығын нашарлатуына байланысты келтірілген залалының дер кезінде орнын толтыруына, сондай-ақ зиянды және қауіпті еңбек жағдайында істейтін еңбеккерлерді жеңілдіктермен қамтамасыз етуге тұрақты бақылау орнату.
Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың әкімдері,
облыстық еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау басқармасы,
облыстық мемлекеттік мүлікті
басқару жөніндегі мемлекеттік
комитет

7. Жұмыскерлердің жекешелендірілген кәсіпорын иелерімен қолданып жүрген еңбек Заңына сәйкес еңбек қатынастарын сақтауын қамтамасыз ету, осы акционерлік кәсіпорында 15 жылдан кем емес уақыт жұмыс істеген адамдардың, зейнеткерлердің және еңбек ұжымының арасында акцияларды сатуға және орналастыруға бақылауды күшейту.
Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың әкімдері,
облыстық еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау басқармасы,
облыстық мемлекеттік мүлікті
басқару жөніндегі комитет

8. Халықтың өзі-өзі тамақ өнімдерін қамтамасыз етуі және село индустриясын дамыту жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Тұрақты.
Аудандардың, қалалардың әкімдері,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы

9. Халықты бәсірелік әлеуметтік қорғау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудағы аудандардың, қалалардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зерделеу және тарату.

Тұрақты.
Облыс әкімінің аппараты,
аудандардың, қалалардың
әкімдері, облыстық комитеттер,
басқармалар, бұқаралық ақпарат
құралдары.