Об организации приписки по Актогайскому району граждан мужского пола 1997 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации приписки по Актогайскому району граждан мужского пола 1997 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай ауданы бойынша 1997 жылы туған ер азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 06.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2013 76568_156949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KJ002500
- ЭКБ идентификаторы
- 76568
- Редакция идентификаторы
- 76568_156949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:41
0 Ақтоғай ауданы бойынша 1997 жылы туған ер азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеу, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында 2014 жылғы 01 сәуірге дейін ұйымдастырылсын.
2 2. Тіркеуге жататын азаматтар шақыру қағаздарын алған күннен бастап білім беру ұйымдарының және басқа ұйымдардың басшылары оларды дәрігерлік сараптамадан өту және құжаттар жинау үшін жұмыстан, оқудан босатсын.
3 3. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Алишев - келісім бойынша) 1997 жылы туған ер азаматтарды тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты Ақтоғай ауданының әкіміне 2014 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қайрат Оразұлы Нөкешке жүктелсін.
5 5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қаласының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімінің бастығы Б.А. Алишев
6 желтоқсан 2013 жыл