Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об итогах социально-экономического развития области за 1998 г. и задачах на 1999 г.

Өзге акт · № 18 · қабылданған 23.02.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-1999-ekb-2410/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об итогах социально-экономического развития области за 1998 г. и задачах на 1999 г. Қолданыста 23.02.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об итогах социально-экономического развития области за 1998 г. и задачах на 1999 г.

Қолданыста Өзге акт № 18 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об итогах социально-экономического развития области за 1998 г. и задачах на 1999 г.
Атауы (қаз.)
Облыстың 1998 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 1999 жылға арналған міндеттері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
23.02.1999
Көрсетілген редакция
23.02.1999 2410_257964.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99K0000026
ЭКБ идентификаторы
2410
Редакция идентификаторы
2410_257964
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:20
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың 1998 жылғы

әлеуметтік-экономикалық
дамуы және 1999 жылға
арналған міндеттері туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Облыс әкімі жанындағы алқа мәжілісі облыстың 1998 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көзделген шараларды жүзеге асыру жөнінде қалалар және аудандар әкімдерімен жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен нақты жұмыстар атқарылғанын атап көрсетеді.
Жыл бойы облыс кәсіпорындарымен 135 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімдері өндірілді (жұмыс, қызмет). Өндірілген өнім көлемінің индексі 100,8% құрады.
Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында 11,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Мыс кенін өндіру 7,2%-ке өсіп, марганец концентратының өндірісі 48,8%-ке артты.
Оңалту процедураларының нәжижесінде Қарағанды маргарин заводы, “Қарағанды-контракт”, “Қарағанды-карбид”, “Теплоприбор” ЖТАҚ жұмыстарын жаңғыртты.
11,3 млрд.квт сағат электр энергиясы, 15,1 млн.Гкал жылу энергиясы өндірілді, бұл 1997 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 24,8% және 9%-ке артық.
Күрделі құрылыстағы инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1998 жылы 9,9 млрд. теңгені құрады, бұл 25,4% артық. 21,6 млрд. теңгенің негізгі қорлары іске қосылды.
Бюджетке түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің көлемі 32,6% артып, олар бойынша төленбеген төлемдер 0,5 млрд.теңгеге қысқарды, бюджеттің несиелік қарызы 4,3 млрд. теңгеге азайды.
Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында 43,6 мың аз қамтылған азаматқа 47,0 млн. теңгенің материалдық көмегі көрсетіліп, 8,8 млн. теңгеге 280 шағын несие берілді.
Шағын және орта бизнес қызметі жандана түсті, 848 жоба бойынша несие беріліп, оның ішінде 40 несие агро-өнеркәсіп кешенінде.
Сонымен қатар, 1998 жыл бойы облыстың әлеуметтік- экономикалық дамуына бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өнеркәсіп өнімі көлемінің қысқаруына әкелген дағдарыс құбылыстары әсер етті, ұзақ уақыт тұрып қалулар өсіп, өзара есептесу тәртібі бұзылды, дебиторлық қарыз 13,8%-ке, кредиторлық қарыз- 12,4%-ке өсті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлімі 11,4%- ке төмендеді, ет, сүт, жұмыртқа өндіру қысқарды.
Облыстағы кримогенді жағдай күрделі болып қалуда. Ұйымдасқан және топтық қылмыс, күштеп алушылықтың өсуіне жол беріліп, қарақшылық әрекет және тонау саны өсті. Энономика саласындағы қылмыстармен күресуде құқық қорғау және бақылаушы органдардың белсенділігі төмендеді.

1. Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық басқармалар, департаменттер мен комитеттер басшылары:

1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметіне берілген 8 тапсырмаж және аймақтар әкімдерне 11 тапсырма, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентімен анықталған 1999 жылға арналған бірінші кезектегі 4 міндеттеме жөніндегі шаралардың жүзеге асырыылуын жалғастырсын;

1.2. Бюджет қаржыларын мақсатты пайдалану мәселесі жөнінде қаржылық тәртіптіңсақталуына қатаң бақылау орнатсын. Облыс әкімінің 1999 жылғы 14 қаңтардағы “Жергілікті бюджетке түсетін қаржыларды төлеу кезегі туралы” № 02-ө өкімінің орындалуын қамтамасыз етсін.

2. Қалалар және аудандар әкімдері:

2.1. 1999 жылғы 1 наурызға дейін жылумен қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру, бюджеттік ұйымдарды, жеке тұрған үйлер мен елді мекендерді автономды жылыту жүйесіне көшіру, ПИК қызметін жетілдіру, коммуналдық қызмет көрсететін құрылымдарды жеке меншік иелеріне беру жөніндегі шараларды қарастыра отырып 1999-2000 жылғы жылу беру маусымына дайындық жөніндегі шараларды әзірлесін. Аймақтың алдағы қысқа дайындығына және тұрғындарды үздіксіз коммуналдық қызмепен қамтамасыз ету жөніндегі жауапты тұлғаларды анықтасын;

2.2. Тұтынушылардың барлық категорияларынан коммуналдық қызмет ақыларын барынша жинау жөнінде шаралар қабылдасын, пайда болған қарыздарды өтеуді қамтамасыз етсін.

3. Облыстық салық комитеті (Қ.Қ.Нұрпейісов), салық полициясы Бас басқармасы (Р.Тлеухан) бюджеттің кіріс бөлігін барынша қамтамасыз ету мақсатында төленбеген салықтардың және басқа төлемдердің мезгілінде түспеуінің пайда болуына ау сайын бақылау жасасын және оны төмендету жөнінде ұсыныс берсін.

4. Экономика және кәсіпкерлікті қолдау департаменті (В.Б.Юркин) Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауларын және облыстағы өзгерген экономикалық жағдайды еске ала отырып әкімінің Инвестициялық бағдарламасына түзетулер енгізсін.

5. Облыстық қазына басқармасы (В.П.Кротова), облытық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешов) салық полициясы Бас басқармасы (Р.Тлеухан) тексерулердің бекітілген үйлестіру жоспарына сәйкес бюджеттік қаржылардың мақсатты пайдалануын бақылаумен қамтамамыз етсін.

6. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы (Ә.Е.Әбілаев), облыстық еңбекпен қамту орталығы (С.З.Қанаев), қалалар және аудандар әкімдері еңбекпен қамту және еңбек қатынастарын құқықтық тәртіпке келтіру жүйесін жетілдіру, жұмыссыздар құрамын зерттеу мақсатында облыс қалалары мен аудандарында әлеуметтік зерттеулер жүргізсін. Қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, бос жұмыс орындарын тіркеу, тұрғындарды адрестік әлеуметтік қорғау жөніндегі қызметін жандандырсын.

7. Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі (С.В.Стюков):

7.1. Еңбек ақы қарыздарын төлеу мәселелерін шеше отырып облыс кәсіпорындарын тарату және қаржылық оңалту жөніндегі 1999 жылға арналған шараларды орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын;

7.2. Қаржылық қатынасты жеңіл және химия өнеркәсіптерінің пәрменсіз кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының “Банкроттық туралы” Заңымен көзделген процедураларды жүргізу , соның негізінде халық сұранысына сәйкес бәсекеге шыдайтын өнімдер шығаруға мүмкіндігі бар жаңа ұйымдастырушы-экономикалық құрылымдар жасау жөніндегі жұмыстарды жандандырсын.

8. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы (Т.Е.Зейнешев) кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі (С.В.Стюков), аудан әкімдері ауыл шаруашылық құрылымдарының қаржылық оңалуы жөніндегі шараларының және 1998 жылы үшінші топқа енгізілген пәрменсіз шаруашылықтардың банкроттық процедураларының көктемгі суару жұмыстары басталғанға дейін аяқталуын қамтамасыз етсін.

9. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешов), денсаулық сақтау басқармасы (Қ.Қ.Наурызбаев), медициналық қызметтерді төлеу жөніндегі орталық (С.В.Шмаков) медициналық қызметтерді төлеудің бірыңғай жүйесін дайындасын және енгізсін, барлық ауруханаларды шығындарды есепке алудың бірыңғай әдісін енгізсін.

10. Облыстық туризм және спорт комитеті (С.Е.Сенин) 1999 жылғы 1 наурызға дейін Қарағанды облысындағы басымды спорт түрлерін дамыту бағдарламасын дайындасын және бекітуге ұсынсын.

11. “Жолаушылар көлігін басқару қызметі” ҚО КМК (Б.І.Байжақанов) жолаушылар тасымалдауды басқаруды жетілдіру, барлық тасымалдаушылар үшін бірыңғай талаптар мен тең жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірлесін.

12. Құрылыс, тұрғын- үй, архитектура және аумақтарды салу басқармасы (Ғ.Қ.Қонақбаев), мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтақ комитеті (С.А.Сатубаев) дайындығы 80%-тен жоғары тұрғын үйлер құрылысын аяқтау, құрылыс дайындығы төмен үйлерді, сондай-ақ тұрғындар мен таратылған ұйымдар тастап кеткен объектілерді сақтау және бөлшектеу жөніндегі бағдарламаны 1999 жылғы 20 сәуірге дейін әзірлесін.

13. Қалалар және аудандар әкімдері, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының қылмыспен күресу жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасын, “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы” және “Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын.

14. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөліміне (Б.К.Айсанов) жүктелсін.