О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 1998-1999 годах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 1998-1999 годах
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандарды 1998-1999 жылдарда даярлау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-484ө
- Қабылданған күні
- 22.10.1998
- Көрсетілген редакция
- 22.10.1998 2589_254827.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000106
- ЭКБ идентификаторы
- 2589
- Редакция идентификаторы
- 2589_254827
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:29
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық
мамандарды 1998-1999 жылдарда даярлау туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес облыста 1997-1998 жылдарда Өскемен және
Семей әскери-техникалық мектептерiнде (осыдан былай мәтiн бойынша ӘТМ),
Аягөз автомобиль мектебiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн
әскери техникалық мамандар даярланды.
Әскери-техникалық мамандарды, автомобильдердiң және
бронетранспортерлердiң (БТР) жүргiзушiлерiн даярлауға деген наряд 100
процент орындалды. Оқыту үшiн әскерге шақыруға дейiнгiлердi және
шақырылатындарды iрiктеу, топтарды жасақтау және оларды әскери-техникалық
мектептерге тапсыру жұмыстары сапалы әрi дер кезiнде жүргiзiлдi.
"Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 9 бабына сәйкес және Қарулы Күштер үшiн
1998-1999 жылдарда әскери-техникалық мамандар даярлау жөнiндегi Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң (ҚР ҚМ) нарядын орындау мақсатында:
1. Әскери-техникалық мамандарды, автомобильдер мен
бронетранспортерлердiң жүргiзушiлерiн даярлау Өскемен және Семей
әскеритехникалық мектептерiнде екi кезеңде (толқында) ұйымдастырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық
мектептерiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн
әскеритехникалық мамандар даярлаудың 1998-1999 оқу жылына арналған
жоспары" (N1 қосымша) және "1998-1999 оқу жылында Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерi үшiн мамандар даярлауды қамтамасыз ету
жөнiндегi негiзгi шаралар жоспары"(N2 қосымша) бекiтiлсiн.
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық әскери комиссар
(Мұқашев К.М.):
1) Топтардың жоспарға сәйкес дер кезiнде және сапалы жасақталуын және
олардың әскери-техникалық мектептерге берiлуiн қамтамасыз етсiн.
Әскерге шақырылатындардың қатарынан - алатын әскери-техникалық
мамандығы бойынша әскери қызметке денсаулығы бойынша жарайтындар, оқуды
бiтiргеннен кейiн мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыруға жататындар
және сотталмағандар әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауға
тартылсын;
2) әскери-техникалық мектептерде ғана емес сондай-ақ басқада
ұйымдарда, мекемелерде және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде даярланған
әскерге шақырылатын мамандар есепке алынсын және олар алған мамандықтары
бойынша және Қорғаныс Министрлiгiнiң нарядына сәйкес әскерлерге жiберiлсiн.
4. "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мамандар даярлау iсi өндiрiстен қол үздiрiп
оқыту арқылы ұйымдастырылсын. Меншiк нысандарына қарамастан
кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың басшылары бүкiл оқу кезiнде,
жолға кететiн уақытты қоса есептегенде, курсанттардың жұмыс орнын,
қызметтiк лауазымын сақтасын және негiзгi жұмыс орны бойынша орташа
еңбекақысын төлесiн.
5. Өскемен және Семей әскери-техникалық мектептерiнiң бастықтары
(Серебренников В.А., Зуев А.В.) жаңа 1998-1999 оқу жылында Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерi үшiн әскери-техникалық мамандар даярлау
жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн:
1) ӘТМ оқу-материалдық базасы Қарулы Күштер үшiн әскери-техникалық
мамандарды даярлау Бағдарламасының талаптарына сай келтiрiлсiн, әТМ
тәжiрибелi, практикалық жұмыс тәжiрибесi бар оқытушылармен және өндiрiстiк
оқу шеберлерiмен жасақталсын, олармен әдiстемелiк жұмыс деңгейi көтерiлсiн;
2) ӘТМ-нiң шаруашылық-есеп айырысу қызметi әскери-техникалық
мамандарды даярлауға және мектептi ұстауға жұмсалатын шығындардың орнын
iшiнара толтыру мақсатында қосымша ақшалай қаражаттар түсiру үшiн
пайдаланылсын.
6. Әскери комиссариаттар курсанттардың сабақтарға қатысуына, олардың
арасындағы тәртiп пен әдепке бақылауды, әскери-техникалық мамандарды
даярлауға және олардың оқу бағдарламасын игерулерiн тексерудi қамтамасыз
етсiн.
11 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектептерiнде 1998-1999 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн әскери-техникалық мамандар даярлау
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
23 қазан N1-484 өкiмiне
N1 қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық
мектептерiнде 1998-1999 оқу жылында Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерi үшiн әскери-техникалық мамандар даярлау
Жоспары
Шығыс Қазақстан облысының
әкiмi аппаратының басшысы
Т.Ибраев
12 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн мамандар даярлауды қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi шаралар
Шығыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң 1998 жылғы
23 қазан N1-484 өкiмiне
N2 қосымша
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерi үшiн мамандар даярлауды қамтамасыз ету
жөнiндегi негiзгi шаралар
Жоспары
Шығыс Қазақстан облысының
әкiмi аппаратының басшысы
Т.Ибраев