Об итогах социально-экономического развития области за 1998 год и задачах на 1999 год Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың 1998 жылдағы әлеуметтік-экономикалык дамуының қорытындылары және 1999 жылға арналған міндеттері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен.
Аймақты дамытудың негiзгi бағыттары экономикалық өсуге бағдарланған. Жаңа жұмыс орындарын құру, жергiлiктi тауар өндiрушiлердi қолдау, шағын және орта бизнестi дамыту, ақшалай қаражаттарды өндiрiстiк инвестицияларға бағыттау облыстың алға басқан экономикасын сақтап қалуға, барлық деңгейдегi бюджеттiң табысты бөлiгiн ұлғайтуға көмектеседi.
Жыл көлемiнде негiзгi көрсеткiштер бойынша өсiмдердiң сақталып қалуына қарамастан 1998 жылдың IV тоқсанында өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру кемiп, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық iс-әрекеттерi нашарлады, ауылшаруашылық өнiмдердiң кейбiр түрлерiн өндiру төмендеп кеттi (ет, жүн).
Облыс өнеркәсiбi 1998 жылы қазiргi бағалармен 87,4 млрд. теңгенiң өнiмдерiн жасап шығарды. Өндiрiлген өнiмдердiң нақтылы көлемiнiң индексi 1997 жылға қарағанда 104,1 процент, тұтыну тауарлары салыстырмалы бағалар бойынша - 111,8 процент болды. Экономикалық қызметтердiң түрлерi бойынша: тау-кен (5,9 процент), өңдеу (0,9 процент), өнеркәсiптерi, газ бен суды, электр қуатын өндiру және бөлу (0,2 процент) көлемдерiнiң артуына қол жеткiздi. Облыс транспорттық кәсiпорындарының жүк тасу көлемi 1997 жылмен салыстырғанда 101,6 процент болды.
Айтарлықтай төмендеу ағаш және ағаштан жасалатын заттар өндiрiсiнде - 42,2 процент, машина және жабдықтар өндiрiсiнде - 30 процент, электр және электрондық жабдықтар өндiрiсiнде - 5,7 процент, негiзiнен өндiрiстiк қуаттарды пайдалану коэфициентiнiң төмендiгiнен (0,05 тен 0,5 ке дейiн) және ресей рыногына бағалық факторлар бойынша өткiзу көлемiнiң азайып кетуiнен болды.
Өткен жылы өндiрiс қарқыны Тарбағатай ауданында 75,4 процент, Глубокое ауданында 26,3 процент, Көкпектi ауданында 22,8 процент, Өскемен қаласында 7,1 процент, Аягөз ауданында 5,6 процент, Жарма ауданында 2,1 процент, Шемонайха ауданында 0,9 және Семей қаласында 0,8 процент кемiдi. Өткен жылдың өндiрiс деңгейiн сақтап қалған жағдайда биылғы жылы жиыны 10 млрд. теңгенiң, оның iшiнде тек Өскемен қаласы бойынша 6,0; Семей қаласы бойынша 2 млрд. теңгенiң қосымша тауарлық өнiмдерiн алуға болатын едi.
Ауыл шаруашылығында өнiмнiң жалпы көлемi салыстырмалы бағалар бойынша 23,8 млрд. теңге немесе, 1997 жылға қарағанда 4,7 процент артық болды. Дәндi - дақыл өндiру 337,7 мың тонна (156,2 процент), күнбағыс - 66,4 мың тонна (185,5 процент), сүт -379,2 мың тонна (112), жұмыртқа - 150,4 млн. дана (112,4 ) болды, ет және жүн өндiру қарқыны төмендеп қалды.
Сыртқы сауда айналымы 1997 жылмен салыстырғанда 12,9 процент кемiп 785,4 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт 22,3 процент кемiп 479,1 млн. АҚШ долларын, ал импорт 7,3 процентке артып 306,3 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт айналымының төмендеп кетуiнiң негiзгi себебi әлемдiк рынокта түстi металлдар бағасының түсiп кетуi, сондай-ақ әлемдiк рыноктағы бағалардың төмендеу қарқыны мен экспорт шығаратын кәсiпорындарда қалыптасқан бағалардың арасындағы айырмашылық болды. Соның нәтижесiнде облыста сыртқы сауда айналымы 22 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде кем алынды.
Нақтылы өнiм көлемiнiң өсуiне қарамастан облыс экономикасының басты салаларында қаржылық нәтижелер нашарлап кеттi. 1998 жылы 299 кәсiпорын жиыны 5423,5 млн. теңге пайда тауып, 327 кәсiпорын жиыны 12846,8 млн. теңге зиян шектi. Облыс бойынша жиынтық зиян 7423,3 млн. теңгенi құрады.
Облыстың 17 қалалары мен аудандарының кәсiпорындарында қаржылық терiс нәтижелер алынды: Өскемен қаласында облыстың жиынтық зиянынан 38 процент, Семей қаласында - 20,8; Зырян қаласында - 11,6; Глубокое ауданында - 9,8; Лениногор қаласында 9,5 процент.
Басқармаға, концессияға берiлген және сатып жiберiлген түстi металлургия мен энергетика кәсiпорындарының салдарынан облыстың салық салынатын табысы 6,5 млрд. теңгеге кемiдi.
Облыстың бюджетiне 1999 жылдың 1 - қаңтарына 11255,9 млн. теңге, сондай-ақ республикалық бюджеттен 4796,8 млн. теңге трансферттер түстi. Меншiктi табыстар түсуiнiң болжамы 73,6 процентке орындалды. Меншiктi табыстар және бюджетке төленетiн төлемдер бойынша бересi - 839,9 млн. теңге. Бюджеттiк ұйымдардың кредиторлық берешегi 1999 жылғы 1 - қаңтарға 3027,0 млн. теңгенi құрап, 1930 млн. теңгеге артты, оның iшiнде әлеуметтiк жәрдемақылар бойынша - 365,7 млн. теңге, балаларға берiлетiн жәрдемақы бойынша - 441,8 млн. теңге, коммуналдық қызметтер бойынша берешектер - 385,7 млн. теңге.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен (заңды ұйымдар) облыс өнеркәсiп өнiмдерi жалпы көлемiнiң 3,2 процентi шығарылды, бюджетке 1161,8 млн. теңге аударылды. Облыстың екiншi деңгейлi банктерi арқылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиыны 2400 млн. теңге несиелiк ресурстар бөлiндi, бұл облыс бойынша берiлген несиелердiң жалпы көлемiнiң 41,3 процентi,
ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмi орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң, облыстық басқармалар, комитеттер және департаменттер бастықтарының назарлары жыл басында қол жеткен экономикалық көрсеткiштердiң өсу қарқынын 1998 жыл бойында сақтап қалу үшiн өздерiнiң жеткiлiктi шаралар қолданбағандығына аударылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмi орынбасарлары, қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар, комитеттер және департаменттердiң бастықтары:
2.1 облыс әкімінің "Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау туралы" шешіміне және өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені салалары бойынша бекітілген бағдарламарға сәйкес 1999 жылы өнеркәсiптiң негiзгi салаларында және ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiн өткен жылғы қол жеткен деңгейден түсiруге жол бермеуге шаралар қолдансын.
2.2 басты мiндет 1999 жылға қабылданған болжам бойынша экономикалық өсудi қамтамасыз ету, кәсiпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру, барлық деңгейдегi бюджеттiң табысты бөлiгiнiң болжам бағаларын орындау болып есептелсiн.
2.3 өндiрiстi қалпына келтiру, халықты жұмыспен қамтамасыз етудi арттырудың алғы шарты ретiнде банкроттық процедураларын қолдану мақсатымен, төленбеген төлемдердi азайту және дәрменсiз кәсiпорындарға шаралар қолдану жөнiнде барлық деңгейдегi комиссиялардың жұмысын жандандырсын. Меншiктiң барлық үлгiсiндегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жалақы төлеу туралы мәселелерi ерекше бақылауға алынсын, берешектердi кемiтiп, еңбек ақы төлеу қорынан бюджетке түсетiн төлемдердi арттыру қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмi орынбасарлары Татаев М.К., Швайченко Ю.П., Қалиев А.Б., аумақтық мемлекеттiк меншiк және жекешелендiру жөнiндегi комитет (Егiзбаев Ж.К.) басқармаға берiлген кәсiпорындардың iс-әрекеттерiне, өндiрiстiк қуаттарды және жергiлiктi ресурстарды пайдалану (шикiзат, материал, еңбек), облыстың қалалары мен аудандарында коммуналдық меншiктi орынды пайдалану мәселелерiн қоса, бақылау жасасын. Босаған коммуналдық меншiктi сату және оны бюджетке тарту жөнiнде нақтылы шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмi орынбасары Қалиев А.Б. тiкелей тауар өндiрушiлерден дәндi-дақыл, тұқымды барынша мол сатып алу, дәрменсiз шарушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдансын. Аудандарда машина-технологиялық станциялар желiсiн, ауылшаруашылық техникаларды жалға берудi, ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн өткiзу жүйесiн дамытуды жеделдетсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмi орынбасары Абайдилдин Т.Ж. қалалар мен аудандар әкiмдерi, бiлiм беру департаментi (Байхонова С.З.), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Андағұлов К.Б.) азаматтардың осы саладағы құқық кепiлдiгiн ескере отырып бiлiм беру, денсаулық сақтау қызметтерiнiң әр деңгейi бойынша жаңа тұжырымдамалардың енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн. Мемлекеттiк тапсырысты бiлiм беру және денсаулық сақтау аймақтық мекемелерiне жеткiзсiн.
Тармақ 6
6. Экономика басқармасы (Цыганков А.Г.) энергетика, индустрия, транспорт, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасымен бiрлесiп бiр ай мерзiмi iшiнде облыс бойынша инвестициялық жобалардың типтiк паспорттарын дайындасын, сол арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық заемға қатысу үшiн әр жыл сайын ақпараттық мәлiметтерi жаңартылып отырылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық салық комитетi (Шманов Н.Т.) 1999 жылғы бюджеттiк түсiмдер болжамының орындалуы жөнiнде шаралар қолдансын, әр айға бөлiнуiн, 1998 жылдың бересiлерiн төлетiлiп алынуын ескере отырып және салық базасын кеңейту мақсатында, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге заңға сәйкес тексерулер бойынша жүргiзiлетiн шаралардың дәйектiлiгiн, бағыттылығын және нәтижелiлiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы (Құрманғалиев А.ә.), қазына мекемесi (Юркина А.И.) басқармалары бюджеттiк қаражаттардың функционалдық және ведомстволық тұтынылуына қаржылық бақылау жасау сонымен қатар кредиторлық берешектердi азайту және өтеудi қамтамасыз етуге шаралар қолдансын.
Тармақ 9
9. Сауда және қызметтер көрсету департаментi (Шакенов М.Ш.), облыстық салық комитетi (Шманов Н.Т.) сауда қызметтiнiң барлық үлгiлерiнен салық жинаудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында сауда субъектiлерiн олардың түрлерi (көтерме, ұсақ көтерме, бөлшек сауда т.с.с.) бойынша ажырату әдiстерiн зерттеп, соған сәйкес салық салу тәртiбiн дайындасын және анықтасын.
Тармақ 10
10. Құрылыс және сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (Никитин Н.Л.) "Қазақавтодор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның Ш.Қ. облыстық филиалы (Федосов А.И.) 1999 жылғы 1 маусымға дейiн мерзiмде бұрын банкрот-кәсiпорындардың балансында болған, "шаруашылық" категориясының автомобиль жолдарына тексеру жүргiзiп, оларды "жергiлiктi жолдар" категориясына қабылдау үшiн нормативтiк талаптарға сәйкес келтiруге қажеттiлiктi анықтасын.
Тармақ 11
11. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.