О ходе выполнения Региональной программы по борьбе с преступностью на 1998-2000 годы в свете Послания Президента страны народу Казахстана в Аягозском и Урджарском районах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ходе выполнения Региональной программы по борьбе с преступностью на 1998-2000 годы в свете Послания Президента страны народу Казахстана в Аягозском и Урджарском районах
- Атауы (қаз.)
- Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаның Аягөз және Үржар аудандарында орындалу барысы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 538-п
- Қабылданған күні
- 29.06.1998
- Көрсетілген редакция
- 29.06.1998 1114_259003.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000065
- ЭКБ идентификаторы
- 1114
- Редакция идентификаторы
- 1114_259003
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:39
0 Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаның Аягөз және Үржар аудандарында орындалу барысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
Аягөз және Үржар аудандарының әкiмдерi, құқық қорғау органдары «Қазақстан Республикасының 1997-1998 жылдарға арналған қылмысқа қарсы күрес және 2000 жылға дейiнгi құқық қорғау қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасы туралы»Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын, сондай-ақ осы мәселе жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы мен облыс Әкiмiнiң шешiмiн орындау жөнiнде белгiлi бiр жұмыс жүргiзуде.
Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама әзiрленiп, аудандық мәслихаттардың сессияларында бекiтiлген және аудандық және кенттiк округтер әкiмдерiне жеткiзiлген.
Халық арасында түсiндiру жұмысы жандандырылған, азаматтар жиындары және жиналыстарымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары, соның iшiнде жергiлiктi телебейне бұрынғыдан да тығыз пайдаланылуда. Оперативтi жасақтардың қызметi жақсарған.
Қолданылған шаралар соңғы уақытта аудандардағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
Сонымен бiрге Аягөз және Үржар аудандары әкiмдерiнiң, құқық қорғау органдарының жұмысында кемшiлiктер мен олқылықтар бар. Бұл жұмыс жүйелi де мақсатты сипат алмаған, алға қойылған мiндеттердi жүзеге асыруда қажеттi жүйелiлiк жоқ.
Осы жылдың бес айында қылмыстың бiраз төмендегенiмен Үржар ауданында қылмыстардың ауыр түрлерiнiң саны 28 процент, оның iшiнде қасақана кiсi өлтiру бiр жарым есе өскен, тонаудың, ұрлықтың және есiрткi мен күштi әсер ететiн заттарға байланысты қылмыстық әрекеттердiң өсуi байқалады. Аягөз ауданында денсаулыққа қасақана зиян келтiру фактiлерiнiң, есiрткiге және күштi әсер ететiн заттарға байланысты қылмыстардың өсуi байқалуда.
Өткен кезеңде жалпы қылмыстың ашылуы Үржар ауданында 21,7 процент, Аягөзде - 14,6, соның iшiнде ауыр түрлерi - 14,4 процент төмендедi.
Тергеушi органдардың жұмысында заңдарды бұзушылық, қылмыстарды есепке алудан жасыру фактiлерi, тергеу нәтижелерiн бұрмалау орын алған, қажеттi ведомстволық бақылау жасалмайды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейi талапқа сай емес. Соның нәтижесiнде аудандардағы қылмыстық жағдай бұрынғысынша қолайсыз болып қалуда.
Заңгерлiк бiлiмi бар кадрларға аса зәрулiк сезiлуде, сонымен бiрге оларды тұрғын үймен, көлiкпен, басқа да техникалық жабдықтау құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерi нашар шешiлуде.
Осы кемшiлiктер, объективтi себептермен қатар аудандардың әкiмдерi және құқық қорғау органдары басшыларының тараптарынан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi аймақтық бағдарламаның жүзеге асырылу барысына қажеттi назар аударылмауының салдарынан туындап отыр.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Үржар (Селиханов Д.М.), Аягөз (Кәрiмов А.М.) аудандарының әкiмдерiне Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны орындау жөнiндегi жұмыстағы орын алған кемшiлiктер атап көрсетiлсiн.
2. Аягөз және Үржар аудандарының әкiмдерiне (Кәрiмов А.М., Селиханов Д.М.) осы мәселенi алқаның кеңейтiлген мәжiлiсiнде құқық қорғау және атқарушы өкiметтiң басқа да органдарының басшыларын, ауылдық және кенттiк округтер әкiмдерiн шақыра отырып талқылау, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескерiп аймақтық бағдарламаны орындау жөнiндегi стратегиялық iс-қимылдарға тиiстi түзетулер енгiзу, орын алған кемшiлiктердi жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану тапсырылсын.