Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О комплексной программе профилактики правонарушений среди несовершеннолетних в области на 1998 – 2000 годы

Өзге акт · № 270 · қабылданған 20.08.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-2000-ekb-1595/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О комплексной программе профилактики правонарушений среди несовершеннолетних в области на 1998 – 2000 годы Күшін жойған 20.08.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О комплексной программе профилактики правонарушений среди несовершеннолетних в области на 1998 – 2000 годы

Күшін жойған Өзге акт № 270 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О комплексной программе профилактики правонарушений среди несовершеннолетних в области на 1998 – 2000 годы
Атауы (қаз.)
1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың Кешенді бағдарламасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
270
Қабылданған күні
20.08.1998
Көрсетілген редакция
20.08.1998 1595_286856.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98P000072_
ЭКБ идентификаторы
1595
Редакция идентификаторы
1595_286856
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:34
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың Кешенді бағдарламасы туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2000 жылғы 19 қыркүйектегі № 222 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы шілденің 8-дегі «1998 – 2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың Кешенді бағдарламасын бекіту туралы» № 649 Қаулысын орындау үшін, сонымен бірге құқық қорғау, мемлекеттік, мемлекеттік емес органдардың және қоғамдық бірлестіктердің кәмелетке толмағандар арасында қылмыскерлік пен тәртіп бұзушылықтан сақтандыру мәселелері жөніндегі қызметтерін үйлестіру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. 1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың Кешенді бағдарламасы бекітілсін (тіркеліп отыр).

2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, мүдделі облыстық ведомстволар басшылары көрсетілген бағдарламаның қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ететін болсын.

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстың Әділет басқармасында жүктелсін.

4 1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Облыс әкімінің 1998 жылғы
21 тамыз № 270
шешіміне қосымша
1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ
№ №
р/с
Шаралар
Орындау мерзімі
Орындаушылар
1.
Сұранған кәмелетке толмағандарды кәсіптік оқуға жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда олар үшін уақытша қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру
Үнемі
Облыстың еңбекпен қамту орталығы еңбек биржасы
2.
«Жас өспірім» операциясы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде теледидар, радио және баспасөзде сөйлеу, «Жас өспірім және заң» рубрикасын енгізу
Үнемі
ІІБ, прокуратура (келісім бойынша) Әділет басқармасы, ақпарат және қоғамдық келісім бағдарламасы
3.
«Никотин» кешенді алдын алу бағдарламасы шеңберінде нашақорлық мен ішімдік ішетін кәмелетке толмағандарды анықтау, соңынан оларды облыстық наркологиялық диспансерде есепке алу
Үнемі
ІІБ, денсаулық сақтау департамені
4.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясының қызметін жетілдіру. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ата-аналарын балаларының тәрбиесін назардан тыс қалдырғандарына жауапты екендіктері туралы мәселелерді шешу үшін комиссия мәжілісіне шақыру
Үнемі
Қалалар мен аудандардың әкімдері
5.
Оқу орындарында құқық қорғау органдары, діни және қоғамдық бірлестіктер, денсаулық сақтау және басқа органдар өкілдерін қатыстыра отырып «дөңгелек столдар» өткізу
Тоқсан сайын
ІІБ, прокуратура (келісім бойынша) Әділет басқармасы, білім және деңсаулық сақтау департаменттері