О региональной комплексной программе развития государственного и других национальных языков в Западно-Казахстанской области на 1998-2000г.г. Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 1998-2000 - жылдарға арналған аймақтық кешенді бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.04.2002 № 78 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 19, 93-баптарына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңды орындауға байланысты және облыстың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қызмет етуі мен дамуы үшін басымдық жағдайларды жасаудың қажеттігін есепке алып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да ұлттық тілдерді дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешенді бағдарламасы /№ 1 қосымша/ және мемлекеттік тілде іс жүргізілетін аудандар тізбесі мен іс жүргізуге көшіру кестесі /№2 қосымша/ бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы /Хамитов/ бағдарламада көзделген шараларды жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаржысын бөлуді қарастырсын.
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар мен комитеттердің, барлық нысандағы мекемелер мен кәсіпорындардың, оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың басшылары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңды орындау барысында орын алған кемшіліктерді жуық арада жоюды және мемлекеттік тіл мен басқа ұлттық тілдерді дамыту жолындағы іс-шаралар жоспарын қабылдап, олардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Орал қаласы мен аудандардың әкімдері және облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы "Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да ұлттық тілдерді дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешенді бағдарламасын орындау жолында атқарылған жұмыс жөнінде жыл сайын 1 қыркүйекке облыс әкіміне ақпарат беретін болсын.
Басқа 5. Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешенді бағдарламасы
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің 1998 жылғы «15» қыркүйектегі
№139 шешіміне 1-қосымша
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық кешенді бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдасын және «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілді басыңқы дамытуға артықшылық беру бағытында және облыстағы барлық тілдерді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Оның қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ресми тіл ретінде және облыста жинақы тұратын ұлттық топтардың тілдерін қолдану және дамыту жөніндегі шаралары төменде көрсетілгендей арнаулы бөлімдерге бөлінеді.
1 Мемлекеттік тілдің қолданылуы
№
Шаралар
мерзімді
уақыты
Орындаушылар
1
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңның барлық баптары бойынша нысаналы түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізу
тұрақты
Барлық деңгейдегі өкілді және атқарушы органдардың мемлекеттік және мемлекеттік емес көсіпорындар мен
мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары
2
Мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық саласына пайдалану қажеттілігіне мүдделі көзқарас қалыптастыру осы шараларды жүзеге асыру жолындағы ең басты міндет болуы тиіс
тұрақты
3
Облыс аумағындағы бүкіл мемлекеттік мекемелер мен ұжымдарда, барлық нысандағы кәсіпорындарда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретіндегі қолданыс аясын кеңейтуді қамтамасыз ету.
тұрақты
Барлық нысандағы кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар және мекемелер
4
«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік өкімет пен мемлекеттік басқару органдарында жұмыс және қоғамдық ұйымдарда жұмыс және іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің кезендерін белгілеу. Бағдарламада аудандар мен Орал қаласын мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшірудің үлгі кестесі мен қосымша шығынсыз мемлекеттік тілде қызметтік қатынас қағаз, ақпарат алмасу, статистикалық,қаржылық және басқа есептер алмасу жүргізілетін аудандардың тізбесі тіркеліп отыр.
1998 ж.
Барлық деңгейдегі өкілді және атқарушы органдардың түрлі нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары
5
Кадрлардың тапшылығынан мемлекеттік тілде құжат дайындау мүмкіндігі жоқ әкімшіліктер аппаратының, мекемелер мен ұйымдардың және кәсіпорындардың штаттық кестесіне олардың қаржысы есебінен аудармашылар мен мемлекеттік тілді оқытып үйрету үйірмесі оқытушылары қызметін енгізу.
1998-1999 ж-р
Әкімшіліктердің, мекемелер мен ұйымдардың және барлық нысандағы кәсіпорындардың басшылары
6
Министрліктермен және ведомстволармен келісе отырып мемлекеттік тілді меңгерген қазақтан басқа ұлт өкілдерін материалдық және моральдық ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу.
1998-1999 ж-р.
Облыстық
басқармалардың,
комитеттер мен
бөлімдердің,
кәсіпорындар
мен ұйымдардың
басшылары
7
Халыққа қызмет керсетумен шұғылданатын “Облгаз”,”Жайықжылуэнерго”,”Оралэнерго” АҚ-ры кәсіпорындарында, жолаушы тасымалдау көлігінде, автовокзалдар,әуежайларда, өзен порттарында темір жол вокзалдары станцияларында, байланыс мекемелерінде аяықтама-ақпараттық жұмысты мемлекеттік тілде сауатты жүргізу.
тұрақты
Байланыс,темір жол,”Өзен флоты”автокөлік кәсіпорындарын, “Ақжол”, “Облгаз”,”Оралэнерго”, “Жайықжылуатэнерго” АҚ”Суарнасы” Басқармасы ж.т.б.
8
Облыстық құқық қорғау е органдарында қылмыстық азаматтық әкімшілік істерін мемлекеттік тілде және іске қатысушы тұлғаның өтініш жасаған тілінде жүргізуді жүзеге асыру, әділет органдары жанындағы нотариалдық кеңселер мен азаматтардың хал-ахуалын тіркеу мекемелерінде және ішкі істер органдарында мемлекеттік аудармашылық қызмет құру.
1998-1999 ж-р.
Облыстық әділет, ішкі істер басқармалары, прокуратура, сот
9
Жеделхаттарды мемлекеттік тілде қабылдау мақсатында барлық елді мекендердегі байланыс кәсіпорындарын қазақ қаріпі бар телеграф аппараттарымен, электронды-жазу машиналарымен, қазақша толтырылатын бланкілермен, хат жазысу конверттерімен, құттықтаулармен қамтамасыз ету.
1998-1999 ж-р
Облыстық телекоммуникация дирекциясы
10
Барлық мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындар мен оқу орындарының қазақ қаріпті мәшеңкемен, компьютермен қамтылуына көмек беру.
1998-1999 ж-р
Облыстық экономика басқармасы
11
Орал қаласында, аудандарда, елді мекендерде, мекемелер мен кәсіпорындарда көрнекті ақпараттың Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде орындалуын қамтамасыз ету, жергілікті ономастикалық комиссияларының топономикалық атауларды реттеу мен жүйеге келтіру жұмыстарын жандандыру.
тұрақты
Облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер жанындағы ономастикалық комиссиялар, мекемелер мен кәсіпорындар.
12
Мекемелер мен барлық нысандағы кәсіпорындарда олардың қаражаттары есебінен мемлекеттік тілді оқып-үйрену үйірмелері мен курстарын ашу жөне оларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету
1998-1999 ж-р
Мекемелер мен кәсіпорындар басшылары
13
Облыс орталығындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының мүмкіндіктеріне орай мемлекеттік тілді оқыту орталығы мен кабинеттер ұйымдастыру
1999-2000 ж-р
Облыстық білім басқармасы, Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті, педагогикалық колледж
14
Оқу үдерісі мемлекеттік тілде жүргізілетін жалпы орта білім беру мектептерінің, қазақ тілінде тәрбиелейтін балалар бақшаларының жүйесін кеңейту, олардың бағдарламаларында адамгершілік - эстетикалық тәрбиелеу мен ұлттық өнерге баса көңіл бөлу және білікті педагог кадрлармен толықтыру.
тұрақты
Облыстық білім басқармасы, Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті, Дәулеткерей атындағы өнер
15
Тәрбие- төлім беруде тіл сабақтастығын сақтау мақсатында кәсіптік-техникалык мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқытып мамандар даярлауды, ең алдымен қазіргі кезең талаптары бойынша мамандар, қазақ тілінде сабақ жүргізе алатын педагог кадрларын даярлауды ұйымдастыру, оқу үдерісі орыс тілінде жүргізілетін бөлімдерде мемлекеттік тілді оқып-үйрену үйірмелері мен курстарын ашу.
тұрақты
Облыстық білім басқармасы, колледждердің дирекциялары, университеттер мен институттардың ректораттары
16
Мемлекеттік және мемлекеттік емес электронды бұқаралық ақпарат құралдарының” Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңның 18 бабы талабын сақтауын қамтамасыз ету, теледидар, радио, газеттер арқылы мемлекеттік тілді үйрену жөнінде бағдарламалар, сабақтар жүргізуді жалғастыру.
тұрақты
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасы, облыстық, қалалық және аудандық
газеттер, облыстық телерадиокомпаниясы, мемлекеттік емес бұқаралық, ақпарат құралдары.
17
Ұлттық өнер мен салт - дәстүрді, саздық- поэтикалық мәдениетті /айтыс,терме,мақам/ дамытуға, халықтың қажеттері мен құрамын ескере отырып облыс кітапханаларын қазақ тіліндегі әдебиетпен, оқулықтармен, оқу- әдістемелік құралдарымен ұдайы жасақтап отыруды қамтамасыз ету.
тұрақты
Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ғылыми - әмбебап кітапхана
18
Мемлекеттік тілді, ең алдымен қазақтардың терең меңгерумен қатар оны оқып-үйренуге, неғұрлым толық игеруге ұмтылатын басқа ұлттардың өкілдеріне ізгі тілектестікпен қарап, олардың бастамшылдығын қызу қолдауға жәрдемдесу бағытында барлық қажетті жағдайды жасау.
тұрақты
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасы, «Қазақ тілі» қоғамы, ұлттық-мәдени орталықтары
19
Ресей Федерациясының облыс аумағымен шекаралас облыстарындағы қазақ диаспорасымен өзара тығыз байланыс жасау, олардың қазақ тіліндегі оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен, көркем әдебиеттермен жабдықталуына жәрдемдесу
тұрақты
Облыстық білім,ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2. Орыс тілін ресми тіл ретінде пайдалану және облыс аумағындағы
ұлттық топтардың тілдерін дамыту
20
Облыс аумағында орыс тілінің ресми тіл ретінде мемлекеттік тілмен қатар қолданылуын қамтамасыз ету
тұрақты
Барлық деңгейдегі өкілді және атқарушы органдар, мекемелер мен барлық нысандағы кәсіпорындар
21
Оқыту және тәрбиелеу орыс тілінде жүргізілмейтін мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде тілді баянды біліп шығуды қамтамасыз ететін орыс тілі сабақтарын сапалы жүргізу және осы аумақта тұратын жастардан орыс тілі оқытушыларын даярлау.
тұрақты
Облыстық білім басқармасы,
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті, педагогикалық колледж
22
Барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарының қазақ бөлімшелерінде орыс тілін оқып-үйрену ісін жүйелі тәртіпке келтіру және бұл пәнді барлық курстардың оқу жоспарларына енгізу;
тұрақты
Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының ректораттары мен дирекциялары
23
Халықтың талап-тілектеріне сәйкес белгілі бір ұлттар жинақы тұратын жерлердегі мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, жалпы білім беретін мектептерде топтар және сыныптар ашу, сондай-ақ ана тілдерін оқып-үйренуге тілек білдірген ересек адамдар үшін үйірмелер мен курстар ұйымдастыру және оларды оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
тұрақты
Облыстық білім,ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, ұлттық-мәдени орталықтар
24
Облыстағы ұлттық-мәдени орталықтарының жұмысын жандандыру, ұлттық мәдениет күндерін, конкурстар,көркемөнерпаздар байқаулары мен фестивалдарын, Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнін және басқа да атаулы мерекелерді өткізу жағдайында өңірді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету.
тұрақты
Облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, ұлттық-мәдени орталықтар
Басқа 6. Қызметтік қатынас қағаздары, ақпарат алмасулар, статистикалық, қаржылық және басқа да құжаттар мемлекеттік тілге қосымша шығынсыз көшірілетін
АУДАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ
Облыс әкімінің 1998 жылғы
«15» қыркүйектегі №139
шешіміне қосымша
Қызметтік қатынас қағаздары, ақпарат алмасулар, статистикалық, қаржылық және басқа да құжаттар мемлекеттік тілге қосымша шығынсыз көшірілетін
АУДАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ
1. Ақжайық ауданы
2. Жаңақала ауданы
3. Жәнібек ауданы
4. Қазталов ауданы
5. Қаратөбе ауданы
6. Сырым ауданы
7. Орда ауданы
Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің
ҮЛГІ КЕСТЕСІ
1999 жылдың 1 қаңтарынан
1. Тасқала ауданы
2. Шыңғырлау ауданы
2000 жылдың 1 қаңтарынан
1. Бөрлі ауданы
2001 жылдың 1 қаңтарынан
1. Зеленов ауданы
2. Теректі ауданы
2003 жылдың 1 қаңтарынан
1. Орал қаласы