О приписке граждан 1998 года рождения проживающих в Улытауском районе к призывному участку в период январь-март месяцы 2015 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О приписке граждан 1998 года рождения проживающих в Улытауском районе к призывному участку в период январь-март месяцы 2015 года
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау ауданында тұратын 1998 жылы туған азаматтарды 2015 жылы қаңтар-наурыз айлары кезеңінде әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 02
- Қабылданған күні
- 02.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2014 87464_4683.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KP002903
- ЭКБ идентификаторы
- 87464
- Редакция идентификаторы
- 87464_4683
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:44
0 Ұлытау ауданында
тұратын 1998 жылы туған
азаматтарды 2015 жылы
қаңтар-наурыз айлары кезеңінде
әскерге шақыру учаскесіне
тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 859 қаулысына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 1998 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2015 жылдың қаңтар – наурыз айлары кезеңінде жүргізілсін.
2 2. «Қарағанды облысы Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Уткельбаев Ербол Сериковичке (келісім бойынша):
1 1) ауданның ұйымдарында, мекемелерінде, кәсіпорындарында жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
2 2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкіміне ұсыныс берсін;
3 3) аудандағы барлық орта мектептерінде жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін үгіт насихат жұмысын жүргізсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Акишбеков Берик Базыловичке жүктелсін.
4 4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
2014 жыл 02 желтоқсан
«Қарағанды облысы Ұлытау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Е.Уткельбаев