О методике определения налогооблагаемой стоимости имущества юридических и физических лиц по области на 1998 год
Күшін жойған
Өзге акт
№ 57
20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О методике определения налогооблагаемой стоимости имущества юридических и физических лиц по области на 1998 год
- Атауы (қаз.)
- Облыс бойынша 1998 жылы заңды және жеке тұлғалардың мүліктерінен салық алу кұнын айқындау әдістемесі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 57
- Қабылданған күні
- 09.03.1998
- Көрсетілген редакция
- 09.03.1998 1054_253281.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.03.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98S000013_
- ЭКБ идентификаторы
- 1054
- Редакция идентификаторы
- 1054_253281
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:48
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 Облыс бойынша 1998 жылы заңды және жеке тұлғалардың мүліктерінен салық алу құнын айқындау әдістемесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
Заңды және жеке тұлғаларға салық салу үшін мүліктің рыноктік бағасын дәлірек көрсету мақсатында, облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес 1998 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша заңды тұлғалардың әдістемесі бекітілсін.
2. Аудандардың, Петропавл мен Көкшетау қалаларының әкімдері аудандар мен қала шеңберінде «Әдістеменің» 2.11 тармағына сәйкес жылжымайтын мүлік нысанының тұрған жеріне байланысты рыноктік бағаның өзгерісін ескертетін зоналық коэфициенттерді бекітсін.
3. Жылжымайтын мүлік жөніндегі Солтүстік Қазақстан орталығы /А.Е.Жанжұманов/ заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерін бағалау барысында бекітілген әдістемені және зоналық коэффициентті басшылыққа алсын.
4. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті мүліктерге салық есептеу барысында жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық берген баға туралы ақпараты басшылыққа болсын.
5. Аудан, Петропавл және Көкшетау қалаларының әкімдері ай сайын есеп берген айдан кейінгі 15-нен кешіктірмей салық салу мақсаты үшін жылжымайтын мүліктерге бағалау қызметін жүргізген де жұмсаған шығындардың өтему тәртібінде жеке тұлғалардың мүліктерінен түскен салық сомасының 5 пайызы жылжымайтын мүлік жөніндегі орталыққа аударылсын.