Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1998 года

Өзге акт · № 115 · қабылданған 19.07.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-ekb-1106/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1998 года Күшін жойған 19.07.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1998 года

Күшін жойған Өзге акт № 115 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1998 года
Атауы (қаз.)
1998 жылғы табиғи жем-шөп дайындау және егін орағы кезеңінде өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
115
Қабылданған күні
19.07.1998
Көрсетілген редакция
19.07.1998 1106_206497.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98N000024_
ЭКБ идентификаторы
1106
Редакция идентификаторы
1106_206497
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:36
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1998 жылғы табиғи жем-шөп дайындау және егін орағы кезөңінде өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
Жекелеген тұлғалар мен ауылшаруашылығы кәсіпорындары басшыларының өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын орыңдамауы 1997 жылы бірқатар шабыңдықтарда, шөп қоймаларында, егінжайларында және егін жинау техникасында ірі өрттердің шығуына әкеліп соқты, соның салдарынан 5 млн. теңгеден астам материалдық зиян келтірілді.
Жасыл ораққа дейін табиғи жем-шөп сақтайтын орындар талапқа сай тәртіпке келтірілген жоқ: олардың көбі найзагайдан қорғайтын құралдармен жабдықталмаған, судаң запас қорымен қамтамасыз етілмеген, механизаторларга нұсқаулық берілмеген, өрт сөндіруге қажетті әуелгі құралдар жоқ. Астық қабылдау пункттерін, элеваторларды, астық қоймалары мен мехқырмандарын оперативтік тексерулер өртке қарсы шаралар жөнінен бірқатар айтарлықтай кемшіліктердің бар екеңдігін байқатады.
Шөп дайыңдау, сақтау орындарында, егінжайларында, дән өңдейтін жерлерде өртке жол бермеу мақсатымен ШЕШТIМ:

1. 1998 жылғы шөп-егін жинау науқаны кезеңіңдегі ауыл шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жоспары бекітілсін (қосымша).

2. Тамыз айыңда төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің, өртке қарсы қызметінің (Алпысов А.А.), ауыл шаруашылығы басқармасының (Байтеңізов Ш.Н.) шаруа жөне фермер қожалықтары қауымдастығының (АГРО) (Жабағинов Р.Б) басшылары кеңес шақырсын. Кеңесте егінді өрттен қорғау шараларымен қамтамасыз ету жөне оның қазіргі хал-жайы туралы сұрақ қаралсын.

3. Аудан әкімдері, аудаңдық ауыл шаруашылық басқармалары егін орағында пайдаланатын ауыл шаруашылық техниканы, астықты өндіретін және сақтайтын орындарды қабылдау жөніңдегі комиссиялар құрып оның құрамына жергілікті мемлекеттік өртке қарсы қызметінің, мемлекеттік автоинспекцияның қызметкерлерін қоссын. Техникалық ақаулығы бар және қарсы жағынан жабдықталмаған агрегаттар егін орағына жіберілмесін.

4. Қаржы басқармасының бастығы (Сейілов А.А.) өртке қарсы қызмет басқармасы қызметкерлерінің іссапар шағындарына 1 млн. 600 мың теңге ақша қаражат бөлуін қарастырсын.

5. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңының 18 бабына сәйкес ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары облыстық өрт қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуына көмек көрсетсін.

6. Меншік нысанына қарамастан шаруа қожалықтары мен басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары бұрынғы өртке қарсы құрылымдардың (постылардың, звенолардың, топтардың) тәуіліктік қызметтерін қалпына келтірсін, оларды техникамен, арнайы киіммен және сөндіру құралдарымен қамтамасыз етсін. Өртке қарсы тұрақты және уақытша сумен жабдықтау көздерін қалпына келтірсін.

7. Облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет мүмкін болатын өрттерді меншік нысанына қарамыстан әскерілендірілген күзеттермен, кәсіпорындардың, қоғамдардын, астық қабылдау пункттерінің және элеваторлардын ерікті өрт сөндіруші жасақтарымен бірлесе отырып ойдағыдай сөндірулеріне қажетті жағдайларды қалыптастыру сабақтарын өткізсін.

8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық ауылшаруашылығы басқармасына (Ш.Н. Байтеңізов) және мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасына (А.А. Алпысов) жүктелсін.

9 Қазақстан Республикасы

Қостанай облысы әкімінің
1998 жылғы 20 шілдедегі № 115
шешіміне қосымша
1998 жылғы мал азығын даярлау және астық жинау науқанындағы ауылшаруашылық жұмыстарын өткізу кезеңінде өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жоспары

1. Ауыл шаруашылығы басқармаларының және ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларының, сондай-ақ аудандардың өрт сөндіру бөлімдері басшыларының ауылшаруашылық объектілерінде өрт қауіпсіздігін күшейту жөніндегі мәселені қарауы және өрттің алдын алу мен сөндіру жөнінде қосымша шаралар қабылдауы.

Орындаушылар: шаруашылық басшылары, өрт сөндіру бөлімдері.

2. Шаруашылық басшыларының өрт сөндіретін автомобильдердің су көздерінің техникалық жағдайын тексеруі, өрт сөндіретін және өрт сөңдіруге ыңғайластырылған техниканың жауынгерлік сапқа қойылуын, ерікті өрт сөндіру жасақтарының (ЕӨЖ) тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыруы.

Орындаушылар: шаруашылық басшылары, ӨБ, МАИ.

3. Шаруашылық мамандарымен егін орағы кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы семинарлық сабақ ұйымдастыру және өткізу.

Орындаушылар: қалалық, аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ӨБ.

4. Астық қырмандарының, астық қоймаларының, шөп қоймаларының өртке қарсы жағдайын тексеру, комбайндардың өрт сөндіру құралдарымен қамтылуына, егін орағы мен мал азығын даярлауға қатынасушы кісілермен нұсқау өткізуді ұйымдастыру, облыс шаруашылықтарында өрт сөндіргіш құралдардың, күректердің, басқа жабдықтардың қажетті мөлшері болуын қамтамасыз ету.
Орындаушылар: шаруашылық басшылары, ӨБ.

5. Егін орағы кезіндө сабан, орылған егістік орнын жағуға, далаға от жағуға тыйым салу.

Орындаушылар: шаруашылық басшылары.

6. Өрт сөңдіру мақсатында жаппай егін орағы жургізіліп жатқан жерлерде соқа тіркелген кезекші тракторлардың, су тасушы және су таратушы машиналардың, басқа да техникалардың болуын қамтамасыз ету.

Орындаушылар: шаруашылық басшылары.

7. Астық жинау машиналарын жөндеу, тұрағын ұйымдастыру, газбен дәнекерлеу жұмыстарын орындау, техникаға жанар май құюды астық алқабынан 30 метр қашықтықтағы арнайы алаңдарда жүргізу. Жөндеу орындарын айнала жырту. Өрт сөндіру құралдарының болуын қарастыру.

Орыңдаушылар: шаруашылық басшылары, ӨБ.

8. Дала, орман алқаптарына, темір және тас жолдарға жақын орналасқан астық танаптарының 4 метрден кем емес тұтас алқап бойын шабу және жырту. Егін оруды бастар алдында астық алқаптарын комбайнның бір күндік жұмыс өнімділігінен аспайтын, бірақ 50 гектардан артық емес учаскелерге бөлу. Учаскелер арасынан 8 метрлік шабындық және 4 метрлік жырталған жерлер жүргізу.
Орындаушылар: шаруашылық басшылары.