Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об итогах социально-зкономического развития области за первое полугодие 1998 г.

Өзге акт · № 556-к · қабылданған 05.08.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-ekb-1208/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об итогах социально-зкономического развития области за первое полугодие 1998 г. Күшін жойған 05.08.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об итогах социально-зкономического развития области за первое полугодие 1998 г.

Күшін жойған Өзге акт № 556-к 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об итогах социально-зкономического развития области за первое полугодие 1998 г.
Атауы (қаз.)
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 1998 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындылары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
556-к
Қабылданған күні
05.08.1998
Көрсетілген редакция
05.08.1998 1208_258944.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000069
ЭКБ идентификаторы
1208
Редакция идентификаторы
1208_258944
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:35
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 1998 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындылары туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
Облыс жыл басынан берi Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында облысты дамытудың 1998-2000 жылға арналған стратегиялық жоспарын және барлық деңгейдегi әкiмдерге он бiр нақты тапсырмаларды орындауға кiрiстi.
Мысалы,1998 жылғы қаңтар-маусымда өткен жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда өнеркәсiп өнiмiн өндiру 7,4% өстi, оның iшiнде тау-кен өндiру және өңдеушi салаларда 11,4% және 10,5% өстi.
Мал мен құстың барлық түрi санының құлдырауы тоқтатылды, сүт, жұмыртқа және құс етiн өндiру өсiмi алынды.
Үстiмiздегi жылдың 6 айы iшiнде облыстың сыртқы сауда айналымының жалпы көлемi 377,4 млн. доллар немесе 118,8% болды.
Инфляцияның 5,5% өсуi кезiнде орта айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 15,6% өстi және 10451 теңге болды. Жұмыссыздық деңгейi - 5,7%. 1998 жылғы 1 шiлдеге жұмыссыздар саны 40,8 мың адам болды, бұл 1997 жылғы 6 айдағы деңгейден 11% төмен.
1998 жылғы 1 шiлдеге кредиттiк қосым көлемi өткен жылдың тиiстi мерзiмiне қарағанда 45%, жыл басымен салыстырғанда 7,5% өстi және 2,9 миллиард теңге болды. Үстiмiздегi жылдың бiрiншi жартыжылдығында халықтың салымдары мен депозиттерi 18,7% артты және 1 шiлдеге 4,6 миллиард теңге болды.
Сонымен қатар реформаларды жүзеге асыру және экономиканың жеке секторларын сауықтыру баяу қарқынмен жүрiп жатыр. Маусым айында өндiрiстiң құлдырауы өткен айлармен салыстырғанда 22,8% болды, оның iшiнде таскөмiр өндiру 96,9%, мыс кенiн - 27,3%, ағаш талшығы плиталарын шығару 91,2 %, цемент - 19,2%, электр энергиясын -39% кемiдi.
Өнеркәсiптегi қаржылық жағдай тұрақсыз қалпында қалуда. Өткен жылдың тиiстi мерзiмiне қарағанда жиынтық табыс 2.3 есе кемiдi. Әрбiр екiншi кәсiпорын - шығын шегушi. Өзара берешектердiң өсуi облыстың мына аймақтарында болды: дебиторлық берешектерi 6,3 есе, кредиторлық берешектерi 18,9 есе өскен Жарма ауданында, Аягөз ауданында - тиiсiнше 3,7 және 4,7 есе, Ұлан ауданында - 16,2% және 17,7%, Семей қаласында -1,4 және 1,7 есе, Курчатов қаласында - 1,2 және 6 есе, Лениногор қаласында -10,7% және 8,4%.
Жалақы бойынша берешектер 3069,5 млн. теңге болды, ол Аягөз ауданында 2,2 есе, Бесқарағайда-1,8 есе, Үржарда - 1,4 есе, Көкпектiде - 1,2 есе, Курчатов қаласында -1,2 және 3,6 есе, Лениногор қаласында - 10,7% және 8,4%.
Жалақы бойынша берешектер 3069,5 млн теңге болды, ол Аягөз ауданында 2,2 есе, Бесқарағайда - 1,8 есе, Үржарда - 1,4 есе, Көкпектiде - 1,2 есе, Курчатов қаласында - 1,24 есе өстi.
Бiрiншi жартыжылдықта шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден және азаматтардан облыстық бюджетке 6018,1 млн. теңге түстi, бұдан басқа республикалық бюджеттен алған трансферттер 2230 млн. теңге болды. Болжаммен салыстырғанда облыстық бюджет 79,2% орындалды. Шағын және орташа бизнес кәсiпорындарының бюджетке түсiмдердiң жалпы көлемiндегi үлес салмағы 14% болуда.
Жарма (55,1%), Зайсан (70,2%), Глубокое (71,6%), Бородулиха (78,3%) аудандары, Курчатов (71,1%), Лениногор (74,9%), Зырян (78,8%) қалалары бiрiншi жарты жылдықта болжамдық бағалаудан артта қалуға жол бердi.
Қалалар мен аудандардың әкiмдерi өндiрiстi өсiру, бюджеттiк кiрiстердi толықтыру және ақша қаражаттарының жылжуына талдау жасау мәселелерiмен шұғылданбайды. Облыс экономикасына тартылмаған халықтың табыстары жоғары дәрежеде болуда. Қолма-қол ақшаны жұмсаудағы эмиссияның үлес салмағының өсуi бiрiншi жартыжылдықта ғана 15% болды, ал бүтiндей 1997 жыл iшiндегi өсуi 11,3% болатын ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Өнеркәсiп басқармасының (Саркисов А.Б.), өнеркәсiп өнiмiн өндiруде құлдырауға жол берген қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң қанағаттанғысыз жұмысы атап көрсетiлсiн.

2. Облыс Әкiмiнiң орынбасарлары, қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыс әкiмiнiң iс-қимылдар жоспарын және 1998 жылға арналған стратегиялық жоспарды орындау жөнiнде шаралар қолдансын, үстiмiздегi жылғы маусымда жол берiлген өндiрiстiң құлдырауына назар аударсын, бес айдың iшiнде қол жеткен өндiрiс дәрежесiн сақтасын, экономиканың нақты секторлары бойынша экономикалық өсудi қамтамасыз етсiн.

3. Облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаев, қалалар мен аудандардың әкiмдерi аумақтық бюджеттiң өзiндiк кiрiстерi бойынша орындалуын, салық және басқа төлемдер бойынша мезгiлiнде төленбеген төлемдердi қысқартуды қамтамасыз етсiн. 1998 жылғы 25 тамызға дейiнгi мерзiмде бюджеттiк шығындарды оңтайлауды жүргiзсiн.

4. Облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаев жыл аяғына дейiн Өскемен және Семей қалаларында бизнес-инкубаторлар ұйымдастырсын.

5. Облыс Әкiмiнiң орынбасары (Швайченко Ю.П.), қалалар мен аудандардың әкiмдерi:

- тауарлар өндiру мен қызмет көрсетудi реанимациялау мақсатында жарамсыз кәсiпорындарды реформалау және сегментациялау жөнiнде;
- аумақ бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектердi қысқарту жөнiнде жұмысты жандандырсын, кәсiпорындардың борыштарын қайта құрылымдау, сату, санациялау, банкроттыққа шығару жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
- бюджетке берешектердi жою жөнiндегi комиссияның, зейнеткерлiк қордың, мiндеттi медициналық сақтандыру қорының, жалақы қорының жұмысын жандандырсын, бюджетке түсiмдердiң нақты кестелерiн бекiтсiн.

6. Облыс Әкiмiнiң орынбасары А.Б.Қалиев 1998 жылғы өнiмнiң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дайындау мен өткiзудi ұйымдастыру және МТС арқылы шаруа шаруашылықтарын агросервистiк қамту жөнiнде шаралар қолдансын.

7. Облыс Әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченко, меммүлiктi басқару және жекешелендiру комитетi (Егiзбаев Ж.И.), Өскемен (Лукин А.А.), Лениногор (Щепетильников В.М.), Зырян (Доскалов В.А.) қалаларының, Бородулиха (Сапоров Б.С.), Глубокое (Әкiрамов М.Ә.), Шемонайха (Гречухин А.В.) аудандарының әкiмдерi,«"Қазмырыш"»ААҚ (Попович Н.), "ШҚМХК"»МАҚ (Вахрушев В.В.), "Жезкент КБК" АҚ (Тян Р.П.), Ертiс мыс қорыту зауыты (Сейдуәлиев О.С.) басқарушы компаниялардың басшылары келiсiм шарттарда және инвестбағдарламаларда айтылған инвестицияларды игерудi қамтамасыз етсiн.

8. Меммүлiктi басқару және жекешелендiру комитетi (Егiзбаев Ж.Қ.):

басқаруға берiлген кәсiпорындардың үстiмiздегi жылғы бiрiншi жартыжылдықтағы жұмыстарына талдау жасау негiзiнде фирма басқарушыларымен жасалған келiсiм шарттар мен мiндеттемелердi орындау жөнiнде шара қолдансын;
үстiмiздегi жылы жеке жобалар бойынша өнеркәсiп кәсiпорындарын қайта құрылымдау жөнiндегi жұмысты аяқтасын;
жыл аяғына дейiн қалған коммуналдық меншiктi сатуды ұйымдастырсын.

9. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi:

бiрiншi жартыжылдықты орындаудың қорытындыларына талдау жасасын, экономикалық өсудiң резервтерiн ашсын, салық заңдылығының салық салу базасын арттыру және акциздер мен ҚҚС ставкаларын өзгерту бөлегiн өзгертуге байланысты салықтар мен басқа да төлемдердiң бюджетке түсуiне қатаң бақылау жасасын;
"Қаражаттарды мемлекеттiк қорлармен жалақыны, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемдердi, балаларға жәрдемдердi, медициналық сақтандыру қорына төлемдердi бiрiншi кезекте төлеуге жұмсау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысын орындауды қамтамасыз етсiн.

10. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитет (Феофанова А.С.) табиғи монополиялардың өнiмдерi мен қызметтерiне тарифтердi тұрақтандыру және кемiту мақсатында материалдық шығындарды реттеу, өндiрiс көлемiн ұлғайту, өзiндiк құнды кемiту жөнiнде шаралар қолдансын.

11. Облыстық салық комитетi (Аханаев О.К.) жыл аяғына дейiн барлық салық төлеушiлердi толық қамтуды, болжамдық кiрiстердiң бюджетке түсуiн, бюджетке төлемдер бойынша уақытында төленбегендердi жоюды қамтамасыз етсiн. 1 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде уақытында төленбеген төлемдердi нақтылыққа және бұрынғы дәрежесiнде қалдыруға бөлсiн.

12. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, экономика басқармасы (Цыганков А.Г.) облысты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 1999 жылға арналған болжамын дер кезiнде әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.

13. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.