Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об итогах социально-экономического развития и выполнения стратегического плана области за І полугодие 1998 года

Өзге акт · № 115 · қабылданған 28.07.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-ekb-1305/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об итогах социально-экономического развития и выполнения стратегического плана области за І полугодие 1998 года Күшін жойған 28.07.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об итогах социально-экономического развития и выполнения стратегического плана области за І полугодие 1998 года

Күшін жойған Өзге акт № 115 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об итогах социально-экономического развития и выполнения стратегического плана области за І полугодие 1998 года
Атауы (қаз.)
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және стратегиялық Жоспарының 1998 жылғы бірінші жарты жылдықтағы орындалу қортындысы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
115
Қабылданған күні
28.07.1998
Көрсетілген редакция
28.07.1998 1305_302502.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98C000044_
ЭКБ идентификаторы
1305
Редакция идентификаторы
1305_302502
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:36
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және стратегиялық Жоспарының 1998 жылғы бірінші жарты жылдықтағы орындалу қортындысы туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Стратегиялық жоспардың басымдықтарына және оларды жүзеге асыру жөніндегі белгіленген шараларға сәйкес жарты жылдықта облыстың барлық атқару органдарында реформаларды одан әрі тереңдету және экономиканы тұрақтандыру жөнінде біршама жұмыстар жүргізілді.
Тұтынушыларды энергия қуатымен тұрақты жабдықтау, қаржылық өзара қатынастарды реттеу мәселелерін шешу және басқа да институционалдық шараларды жүргізу барысы экономика және әлеуметтік негізгі салаларының қалыпты жұмыс жасауына жағдай туғызды. Осының нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемінің өсуіне қол жетті, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда оның физикалық көлемінің көрсеткіші 103,8 процент құрады. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру көлемі 1997 жылғы деңгейде сақталды, ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылай сауықтыру жөнінде шаралар алынды. Негізгі капиталды инвестициялау көлемі 2,3 есе өсті, инфляция қарқыны 102,2 процент құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 1,4 пунктке төмен. Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде біркелкі жұмыс жүргізілді.
Облыста қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту жөнінде,"Қазақстан-2030" стратегиясын насихаттау, мемлекеттік тілді дамыту жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Криминогендік жағдайды біркелкі тұрақтандыруға қол жетті.
Дегенмен, стратегиялық жоспардың шараларын жүзеге асыру жөнінде облыстық басқармалар мен комитеттер тиісті дәрежеде белсенді жұмыс жүргізе алмады, көптеген аудандардың әкімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары экономика секторларының экономикалық өсуінің тұрақтануы үшін жағдай жасайтын нақтылы шараларды ала алмады.
Стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру барысындағы аудандардың әкімдерінің қызметіндегі өзіндік кемшіліктері мынада болды: аудандардағы базалық негізгі саланы дамыту үшін жағдай жасауға іс-әрекеттің шоғырландырылмауы және күшейтілмеуі; реформалардың мәнін толығынан түсінбеушілігінде және стратегиялық жоспарлардың міндеттерінің аумақтардағы нақтылы істерден бөлек қаралуында.
Кейбір аудандарда өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жалпы әнімнің көлемінің төмендеуіне жол берілген, барлық шаруашылық салаларында мал басының күрт азаюы, оның өнімдерінің төмендеуі орын алған, мұның өзі аудандардың экономикасының дамуына кедергі болуда.
Жарты жылдықтың қортындысы бойынша әкімдердің қызметіне жүргізілген рейтингтік баға нәтижесінде соңғы жағынан орын алған Ырғыз, Байғанин, Ойыл және Әйтекеби аудандары экономикалық дамуда төменгі көрсеткіштерге иеленді.
Салық жинау, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлем төлеу жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылмады, бұл облыстың жалпы көрсеткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайына әкеліп соқтырды.
Жергілікті бюджеттің қанағаттанғысыз орындалуы жоспарлы шараларды және әзірленген бағдарламаларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етуге кері әсерін тигізуде.
Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Алға аудандарында жұмыссыздықтың жағдайы одан әрі шиеленісе түсуде. Ақтөбе қаласында және аудандарда тұтынушылардың энергия ресурстары үшін есептесу, сондай-ақ жекешеленген елді мекендерді энергия қуатымен тұрақты қамтамасыз ету жағдайлары қиындай түсуде.
Облыста жалпы аурулардың деңгейі жоғары, туберкулез ауруының өсуі байқалады, бұл әсіресе Ырғыз, Байғанин аудандарында және Ақтөбе қаласында байқалады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және стратегиялық жоспардың 1998 жылғы бірінші жарты жылдықтағы орындалу қортындысын қарап облыс Әкімі шешті:

1. Облыс Әкімінің орынбасарлары, аудандардың әкімдерінің қызметінің барысы жөніндегі қаралған қортындыларын ескере отырып, өздері басшылық жасайтын салалары бойынша нақтылы міндеттерді анықтайтын және салалардың экономикалық жағдайларын екінші жарты жылдықта жақсартуға бағытталған шаралар алу үшін мақсатты кеңестер өткізсін.

2. Облыстық басқармалар мен комитеттер:

- бірінші жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және стратегиялық жоспардың шараларының орындалу қортындысын қарап, үстіміздегі жылғы стратегиялық жоспарда анықталған деңгейге қол жеткізу жөнінде нақтылы шаралар алсын және аудандардағы жұмыстың тиімділігіне көңіл бөлсін;
- облыс Әкімінің 1998 жылғы 17 шілдедегі 1998 жылғы ІІ жарты жылдықта бюджет шығысын ұтымды пайдалану және бюджеттің кіріс бөлімін орындауды қамтамасыз ету туралы № 110 шешімін сөзсіз орындау жөнінде шаралар алсын.

3. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы /А. Р. Рсалин/ аудандардың әкімдерімен бірлесе отырып төменгі құрылымдарда ақпараттық жұмыстарды күшейтсін. "Стратегия - 2030" және агроөнеркәсіп секторын реформалау барысын түсіндіру және насихаттау жөнінде селолық округтерде ақпараттық талдау орталықтарын ұйымдастырсын. Ағымдағы негізгі міндеттерге сәйкес төменгі құрылымдардағы кадрларды іс-қимылға жұмылдыру және тұрақты оқыту жұмыстарын жүргізсін.

4. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы:

- азық-түлік көтерме рыногінің таралған жүйелерін құру жөніндегі жұмысын одан әрі жалғастырсын, және осының негізінде ауылдық жердегі тауарлы өндірісті ынталандыру шарасын алсын, бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту мақсатында азаматтардың жеке шаруашылықпен айналысуына қол жеткізсін;
- үстіміздегі жылғы, 7 қазан айының 1-не дейін дағдарыстан шығу үшін 2-ші топтағы шаруашылықтарда нақтылы өндірістік бағдарламаларды жасау қамтамасыз етілсін, олар несие берушілермен келісілсін. Үстіміздегі жылғы қыркүйек айының 1-не дейін 3-ші топтағы шаруашылықтардың материалдарын оларды банкрот деп жариялау үшін сот органдарына беруді аяқтасын.

5. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:

- стратегиялық жоспарлардың басыңқы міндеттері негізінде басқару органдарының құрылымдары сәйкестендірілсін және оларды жүзеге асыру жөнінде барлық орындаушылар алдындағы нақтылы міндеттер анықталсын;
- ауылдық жерлерде реформаларды тереңдету жөніндегі республикалық жұмысшы тобының ұсыныстарына сәйкес жұмыс жүргізілсін. Мал басын қалпына келтіру, олардың санын өсіру үшін жағдайлар жасалсын, мал ұрлану жағдайларын қатаң бақылауға алсын, қылмыстың осы түрімен күресуде тиісті органдардан сұранымды қатайтсын.
- кәсіпкерлікті дамыту, оларды қаржылай қамтамасыз ету үшін басыңқы жобаларды іріктеу және қолдау жөнінде инфрақұрылымдарды құруды тікелей бақылауға алсын;
- астықты уақытында және сапалы жинай алуға шаруашылықтардың дайындығын ұйымдастырсын;
- аудандардың экономикасын күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуіне дайындыққа бақылауды күшейтсін, бұл тараптағы белгіленген шаралардың уақытында орындалуын қамтамасыз етсін;
- салықтың және бюджетке түсетін алымдардың болжамының уақытында орындалуы жөніндегі жұмысты жандандырсын.

6. Ырғыз /М.Ғабидуллин/, Ойыл /Г. Займолдин/, Байғанин /Т. Айжарықов/, Әйтекеби /А. Сейілханов/ аудандарының әкімдерінің жүргізіп отырған реформаларының тиімсіздігіне көңілдері аударылсын және негізгі экономика секторының дамуының тұрақтануына бағытталған нақтылы шараларды алуға міндеттелсін.

7. Облыстық экономика басқармасы /М. Райымқұлов/, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті /Б. К. Ордабаев/ кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттігі /А. Д. Дербісалин/ Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдерімен бірлесе отырып, шамасыз шаруашылық жүргізуші субъектілерге оларды қайта ұйымдастыру процедурасын қолдану жөніндегі жұмысты күшейтсін.

8. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеті /Б. К. Ордабаев/ облыстық салық комитетімен /Н. Ж. Князов/ бірлесе отырып, сырттан басқаруға берілген акционерлік қоғамдардың қызмет қортындыларына жан-жақты талдау жүргізсін және келісім шарттарының орындалуына қатаң бақылау орнатсын.

9. Облыстық экономика басқармасы /М. Т. Райымқұлов/ облыстың минералды-шикізат ресурстарын игеруге және басыңқы жобаларды жүзеге асыруға инвестициялар іздеу және тарту жөніндегі жұмысты жандандырсын.

10. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы /А. Қ. Мантаев/ тиісті құрылымдармен бірлесе отырып облыс халықтарының арасында вакцинациялау, туберкулезбен күресті күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жалпы аурудың деңгейін азайту жөнінде шаралар алсын.

11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунге жүктелсін.