Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 1998 года

Өзге акт · № 508-к · қабылданған 27.04.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-ekb-1379/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 1998 года Күшін жойған 27.04.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 1998 года

Күшін жойған Өзге акт № 508-к 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период 1998 года
Атауы (қаз.)
1998 жылғы жазғы кезде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және бос жүрмеулерін ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
508-к
Қабылданған күні
27.04.1998
Көрсетілген редакция
27.04.1998 1379_256915.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000044
ЭКБ идентификаторы
1379
Редакция идентификаторы
1379_256915
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:44
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 1998 жылғы жазғы кезде балалар мен

жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және бос
жүрмеулерін ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
1997 жылы сауықтыру шараларын ұйымдастыру тәжiрибесiн ескере отырып,
облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi күрделi қаржылық жағдайға
қарамастан үстiмiздегi жылы балаларды қаладан тыс және мектеп жанындағы
лагерьлермен неғұрлым көп қамту, мектеп оқушыларының iспен шұғылдануларын
ұйымдастыру жөнiнде нақты шаралар қолданды. 1998 жылы балаларды сауықтыру
қаладан тыс 23 лагерьде жүзеге асырылады. Мектеп жанындағы лагерьлер мен
сауықтыру алаңдарының саны өткен жылмен салыстырғанда 48 процент,
балаларды көпкүндiк туристiк жорықтармен қамту 6 есе, мектеп жанындағы
учаскелерде жұмыс iстейтiн оқушылардың саны екi есе, спорт лагерлерiнде
демалушылардың саны 7 есе артады. Әсiресе Зырян, Абай, Шемонаиха, Үржар
аудандарында, Курчатов қаласында үстiмiздегi жылы балалар сауықтырумен
және жұмыспен көп қамтылады.
Жазғы демалыстың және жұмыстың әр түрiмен барлығы 170 мың балалар
қамтылады немесе мектепте оқитындардың 58 процентi қамтылады, бұл 1997
жылдағыдан 22 процент жоғары.
Мұнымен қатар 818 мектептен тек 294 мектепте мектеп жанындағы лагерь
жұмыс iстеп, 12 мың оқушыны қамтиды, ал бастауыш мектептердегi жалпы
оқушылардың саны 119 мың. Аягөз, Ұлан аудандарында мектеп жанындағы
лагерьлер жоқ, тек Көкпектi, Тарбағатай аудандарында ғана бiрен-саран
лагерь бар. Сауықтыру мекемелерiнiң материалдық базасы нашар. Тәрбиешiлер
мен вожатыйлар мамандығының жеткiлiксiздiгiнен тәрбие жұмысын
ұйымдастыруда олқылықтарға жол берiлген. Балалармен жұмыста Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк символы жеткiлiксiз пайдаланылуда.
Санитарлық-эпидемиологиялық стансаның рұқсатынсыз қаладан тыс жерлерде
лагерьлер ашу, балалардың арасында жарақаттану жағдайлары орын алған.
Бiлiм департаментi, қалалар мен аудандардың әкiмдерi мектеп-
интернаттардың оқушыларын, аз қамтамасыз етiлген отбасыларының балаларын
толық сауықтыру жөнiнде шаралар белгiлемеген.
1998 жылғы жазда балалардың демалысы, сауықтырылуы және жұмыс iстеуi
үшiн қажеттi жағдайлар жасау, аз қамтамасыз етiлген отбасыларының
балаларына адрестiк әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында
ШЕШIМ қабылдаймын:

1. 1998 жылғы жазғы кезде балалардың жазғы демалысын және жұмыс

iстеуiн ұйымдастыру жөнiнде облыстық комиссия (N 1 қосымша) бекiтiлсiн
және оған үстiмiздегi жылғы 10 маусымға дейiн қаладан тыс жерлердегi
сауықтыру лагерьлерiн қабылдау тапсырылсын.

2. Сауықтыру лагерьлерi бар қалалар мен аудандардың, кенттердiң

әкiмдерi 1998 жылғы 1 маусымға дейiн лагерьлердi балаларды қабылдауға
әзiрлеу жөнiнде қажеттi жұмыстар жүргiзудi қамтамасыз етсiн, ойын-сауық
алаңдарын жабдықтауға, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, көрнектi
үгiт құралдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк символикасымен
стендтердiң болуына ерекше назар аударылсын:
- бiрiншi кезекте жетiм балалардың, ата-аналарының қадағалауынсыз
қалған балалардың, көп балалы және толық емес отбасылары балаларының,
экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың демалысы мен
сауықтырылуы ұйымдастырылсын, мұнымен қатар балалардың осы санаттарын
сауықтыруға жұмсалатын шығындарды жарым-жарты немесе толық бюджет,
демеушiлер қаражаттары есебiнен өтеу туралы мәселе шешiлсiн.

3. Денсаулық сақтау (Жiгiтаев Х.Т.), мемлекеттiк санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау (Якупов В.С.) басқармалары балалардың сауықтыру
лагерьлерiн медициналық қызметкерлері мен толықтырсын, санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау және төңiректегi аумақтарды өңдеу жөнiндегi
шараларды жүзеге асырсын, балалармен жұмыс iстеуге жiберiлетiн
қызметкерлердi медициналық қарау және бактериологиялық талдаудан өткiзу
жүргiзiлсiн.

4. Облыстық бiлiм департаментi (Видова О.И.), бiлiм бөлiмдерi,

басқармалары, жоғары оқу орындарының ректорлары (Мәмбетқазиев Е.А.,
Садықов Е.Б.):
- балалардың сауықтыру лагерьлерiнде жұмыс iстеу үшiн педагогтар,
жоғарғы курстар оқушылары мен студенттер жiберiлсiн, оларға емтихандық
сессияларды мерзiмiнен бұрын тапсыруға жағдайлар жасалсын;
- қалалар мен аудандардың әкiмдерiмен бiрге балалардың күндiз
болатын сауықтыру лагерiнiң, бiлiм мекемелерi ұйымдастыратын бағдарлау
лагерiнiң желiлерiн, каникул кезiнде мектептен тыс мекемелердiң
қызмет саласын кеңейтудi қамтамасыз етсiн: өз базасында және
балалардың тұрғылықты жерлерi бойынша тұрақты және ауыспалы құрамымен
әртүрлi бiрлестiктер құру, өлкетану және экскурсиялық қызметтер,
салауатты өмiр салтын қалыптастыру, табиғи факторларды пайдаланумен
денешынықтыру және басқалары.

5. Iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.) балаларды жиналатын

орыннан сауықтыру лагерiне дейiн қауiпсiз тасымалдауды қамтамасыз
етсiн, оларды МАИ-дың патрульдiк машиналары мiндеттi түрде қостап
жүрсiн, сондай-ақ сауықтыру лагерiнiң аумағында құқық тәртiбiн сақтауды
қамтамасыз етсiн.

6. Облыстық салық комитетi (Аханаев О.Қ.) "Салықтар және бюджетке

мiндеттi алымдар мен төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Жарлығына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларының балаларына
қызмет көрсететiн қаладан тыс жерлердегi лагерьлерге арналған жеңiлдiктер
көздесiн.

7. Облыстық мәдениет, жастар iстерi, туризм және спорт

басқармалары мәдениет, спорт және туризм мекемелерiнiң жазғы каникул
кезiнде балалармен және жасөспiрiмдермен жұмысты ұйымдастыруға
қатысуларын қамтамасыз етсiн, мектеп жанындағы лагерьлерде демалушы
балалар мәдениет және спорт мекемелерiне барған кезде билеттердiң
бағасын арзандату мәселесiн қарасын.

8. Шығыс Қазақстан телекоммуникациясының дирекциясы (Дьяченко А.С.)

қалалар мен аудандардың әкiмдерiмен бiрге 5 маусымға дейiнгi мерзiмде
барлық лагерьлердi тұрақты және телефон байланысымен қамтамасыз етсiн.

9. Қаладан тыс жердегi және мектеп жанындағы сауықтыру

лагерьлерiнiң басшылары судан құтқару орталығымен (Витязев О.Ф.) және
ОСВОД-пен (Банников И.Ф.) бiрге суда бақытсыз жағдайды болдырмау
жөнiнде шаралар кешенiн жүзеге асырсын, балаларды суда жүзуге үйретсiн,
сауықтыру мекемелерi орналасқан аймақта балалардың шомылуы үшiн орын
жабдықтасын.

10. Шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары

Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.

11 1998 жылғы жаз кезiндегi жазғы демалысты және еңбекпен қамтылуды±ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 28 сәуірдегі
N 508-к шешiмiне N 1 қосымша
1998 жылғы жаз кезiндегi жазғы демалысты және еңбекпен
қамтылуды±ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның
ҚҰРАМЫ

1. Абайдiлдин Т.Ж. - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы

2. Морев А.А. - облкәсiподақтар кеңесi төрағасының орынбасары,

комиссия төрағасының орынбасары

3. Паюк А.А. - iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң

меңгерушiсi, комиссия мүшесi

4. Видова О.И. - бiлiм департаментiнiң бастығы, комиссия мүшесi

5. Райысов М.Қ. - денсаулық сақтау басқармасы бастығының

орынбасары, комиссия мүшесi

6. Овчинников И.Г. - IIБ бастығының орынбасары, комиссия мүшесi

7. Шәкенов М.Ш. - облыстық сауда және сыртқы экономикалық

байланыстар департаментiнiң бастығы

8. Якупов В.С. - облыстық мемлекеттiк

санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы

9. Аңдағұлов К.Б. - денсаулық сақтау басқармасы бастығының

орынбасары
Облыс әкiмi аппаратының iшкi
саясат және әлеуметтiк сала
бөлiмiнiң меңгерушiсi
А. Паюк