Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внедрении нормативов платы за тепловое загрязнение природной среды по Атырауской области на 1998 г

Өзге акт · № 557 · қабылданған 31.12.1997
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1998-ekb-1654/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О внедрении нормативов платы за тепловое загрязнение природной среды по Атырауской области на 1998 г Қолданыста 31.12.1997 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внедрении нормативов платы за тепловое загрязнение природной среды по Атырауской области на 1998 г

Қолданыста Өзге акт № 557 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внедрении нормативов платы за тепловое загрязнение природной среды по Атырауской области на 1998 г
Атауы (қаз.)
Табиғи ортаны жылулық шығарумен ластағаны үшін Атырау облысы бойынша 1998 жылға төлем нормативтерін енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
557
Қабылданған күні
31.12.1997
Көрсетілген редакция
31.12.1997 1654_258132.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98T000023_
ЭКБ идентификаторы
1654
Редакция идентификаторы
1654_258132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:51
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Табиғи ортаны жылулық шығарумен ластағаны үшін Атырау облысы бойынша 1998 жылға төлем нормативтерін енгізу туралы

«Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін одан әрі дамыту және Атырау облысының қалыпты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бекіткен климаттың өзгерістері туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде ШЕШІЛДІ:

1. Облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасының мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жасаған, экология және табиғи ресурстар Министрлігімен келісілген кәсіпорындар – табиғатты пайдаланушылардан айналадағы ортаға шығарылған (тасталған) жылулық үшін 1998 жылғы төлемдері беркітілсін (қосымша №1).

2. Кәсіпорындар – табиғатты пайдаланушылар 1 тоқсан ішінде ластағыш көздерден шығарылатын (тасталатын) жылулық мөлшерінің Гкал өлшемімен есебін шығарып экология және табиғат ресурстар басқармасына тапсыратын болсын.

3. Жылдық шығарумен ластанғаны үшін төлемдер салық төлеуші мен экология және табиғи ресурстар басқармасы арасындағы келісу бойынша тоқсанға бөлініп бір жыл есебімен белгіленеді.

4. Көрсетілген төлемдерді енгізуде кәсіпорындар – табиғатты пайдаланушылардың бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оларды 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап нормативтің 50 процентінен 2000 жылы төлемді 100 процентке жететіндей кезеңмен жүзеге асырылатын болсын.

5. Облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасы жылулық шығарғаны (тастағаны) үшін төлемнің нормативтерін кәсіпорындар – табиғатты пайдаланушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін, салық инспекциясымен қатар төлемнің дұрыс есептелуі мен дер кезінде түсіп отыруына бақылау жасайтын болсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н.Борисенкоға жүктелсін.

Атырау облысы әкімінің № 557

31 желтоқсан 1997 ж. шешіміне

қосымша № 1

Жылулық шығарумен ластағаны үшін төлемнің нормативтері

1. Атмосфераны ластағаны үшін төлемнің нормативі Р = 449 тенге Гкал

2. Жылулық шығарумен су қоймаларын ластағаны үшін төлемнің нормативі

Р = 18,6 тенге Гкал