О проведении призыва граждан на срочную военную службу на территории области в октябре-декабре 1998 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении призыва граждан на срочную военную службу на территории области в октябре-декабре 1998 года
- Атауы (қаз.)
- 1998 жылдың қазаны-желтоқсанында облыс аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 217
- Қабылданған күні
- 12.10.1998
- Көрсетілген редакция
- 12.10.1998 2457_218305.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98S000044_
- ЭКБ идентификаторы
- 2457
- Редакция идентификаторы
- 2457_218305
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:30
0 1998 жылдың қазаны-желтоқсанында облыс аумағындағы азаматтарда мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
"Жалпыға бірдей әскери міндеттер және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 каңтардағы Заңның 13 бабына сәйкес және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлерді запасқа босату, және 1996 жылдың қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы азаматтарын мерзімді әскери кызметке кезекті шақыру жөніндегі 1998 жылғы «7» қазандағы Жарлығы негізінде облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. 1998 жылдың қазан-желтоқсанында шақыру күні жасы 18-ге толган ер азаматтарды, әскери қызметке шақырылуы кейінге қалдыру құқы жоқ, сондай-ақ шақырылуын кейінге қалдыра түру құқын жойған ересек азаматтарда Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне және де басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын:
2. Аудандық және калалық шақыру комиссияларының қызметтеріне басшылық жасау және бақылау үшін төмендегі құрамда облыстық шақыру комиссиясы құрылсын:
Никандров В.П. - комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары
Қуатов Н.М. - комиссия төрагасының орынбасары, облыстық әскери комиссар
Комиссия мүшелері:
Хамзин А.К. - облыстың ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Воронова Н.Г - денсаулық сақтау департаментінің бастығынының орынбасары
Рудый П.В. - медкомиссия төрағасы
Кривошеева З.И. - комиссия хатшысы
3. Аудандар мен қала әкімдеріне:
- аудандық және қалалық жергілікті өкілетті органдармен бірлесе отырып, әскери комиссариаттар арқылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
- шақыру комиссиясының дербес құрамы мен шақыру өткізудің кестесін бекіте отырып, шақыру комиссиясы құрылсын;
- шақыру комиссияларының жұмысы ушін әскери комиссариаттарды үй-жаймен қамтамасыз етсін;
- шақыру комиссиясынан өту және әскерге аттандару үшін азаматтардың әскери комиссариаттарға ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етсін;
- қажетті санда техникалық қызметтерлер мен техника бөлінсін.
4. Облыстық әскери комиссариат /Құатов Н.М./:
- жас ұрпақтарды әскерге дабылдау және толықтыру жөніндегі жұмыс Петропавл және Көкшетау қалаларының екі жинау пунктерінен ұйымдастырылсын;
- облыстық жинау пункттерінде шақырылушыларды ыстық аспен мақтандыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
5. Денсаулық сақтау департаментіне /ЬІбыраев Е.С./:
- Петропавл және Көкшетау қалаларындағы облыстық жинау пункттеріндегі медкомиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
- шақырылушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен толықтырылып, қамтамасыз етілсін; соның ішінде әсіресе салық маман-дәрігерлермен;
- медициналық комиссияның жұмыс уақытына Көкшетау қаласындағы
облыстық жинау пунктіңде флюрақұрылғының болуын қамтамасыз етсін;
- шақыру комиссиялары жіберген азаматтарды медзерттеуден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде орыңдар көзделсін.
6. ІІБ, аудандық және қалалық ішкі істер органдарымен /Кильмашкин Н.Ф./:
- шақыру комиссиясының құрамына жоғары лауазымды тұлғалар енгізілсін;
- азаматтарда шақыруды өткізу кезеңінде әскери комиссариатпен өзара байланыс ұйымдастырылсын және шақыру пункттерінде тәртіпті қамтамасыз етсін;
- әскери комиссариаттармен келісім бойынша темір жол пукттерінде, стансаларында, жас ұрпақтарды жинау және әскерге аттандыру орындарында күшейтілген нарядттардың болуын қамтамасыз етсін;
- азаматтардың шақыру пункттеріне келулеріне бақылау қойылсын, шақырудан жалтарып қалуға жол берілмесін.